Волейболдан "Президент Кубогы" халықаралық жарысы өтеді

Волейболдан "Президент Кубогы" халықаралық жарысы өтеді

26 тамыз күні Алматыда волейболдан ерлер арасында халықаралық «Президент Кубогы» аламаны басталады. Жарысқа 8 команда қатысады деп күтілуде. Бұл туралы еліміздің Волейбол федерациясы хабарлап отыр.

Жарыс жолына Қазақстан, БАӘ, Бахрейн, Түркия, Катар ұлттық құрамалары қатысса, Иран мен Ресей жарысқа 23 жасқа дейінгі жастар құрамасын жіберіп отыр. Сонымен қатар, еліміздің атынан Қазақстан-2 командасы да жарыс жолына шығады. Дәстүрлі түрде екі құраммен додаға түсіп келе жатқан қазақстандық волейболшыларды Геннадий Паршин мен Олег Кузнецов баптап, аламанға қосқалы отыр. Осыған дейін волейболшыларымыз мамыр мен шілде айларында Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп келген болатын. Негізгі команданың құрамын аздаған үзілістен кейін Юрий Лабецкий толықтырды. Жарыс Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтеді.

Жарысқа қатысатын командалар екі топқа бөлініп өнер көрсетеді:

«А» тобыҚазақстан, БАӘ, Бахрейн, Қазақстан-2

«Б» тобыТүркия, Катар, Ресей (U-23), Иран (U-23)

Жарыс кестесі:

 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: prosportkz.kz

Ө. Сансызбай