Бразилиядағы Әлем Чемпионатына билеттер сатыла бастады

Бразилиядағы Әлем Чемпионатына билеттер сатыла бастады

ФИФА-ның ресми сайтында 2014 жылғы Әлем чемпионаты билеттері сатыла бастады.

64 ойынның әрбір билетіне 7 үміткерден күтіліп отыр. Бүігнгі таңда 3,3 миллион билет сатылымға шығып, бағалары 90 доллар (бірінші кезеңнің билеттері) мен 990 доллар аралығын (финалдың билеттері) құрауда. Осы орайда, 2014 жылғы Әлем чемпионатының финалы Рио-де-Жанейрода «Маракана» стадионында өтпек.

Бразилияның алпыстан асқан тұрғындарына, жергілікті оқу орындарының студенттеріне, және де әлеуметтік бағдарламалардың мүшелеріне билет құны 15 доллардан аспайды.

"Алдын ала айту қиын, әрине, бірақ, мен бұл кереметтің Германия жеріндегідей керемет өтетіндігіне сенімім мол" - дейді ФИФА-ның маркетинг саласының директоры Тьерри Вейл.

2014 жылғы Әлем чемпионаты 12 маусым мен 13 шілде аралығында өтеді.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет:sport.news.am

Л. Лига