Майя Манеза ұлды болды

Майя Манеза ұлды болды

Ауыр атлетикадан Лондон Олимпиадасының жеңімпазы, әлемнің екі дүркін чемпионы Майя Манеза ұлды болды. Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлап отыр. 

Майя Манезаның жары Вячеслав Ершов 20 тамыз күні дүние есігін ашқан сәбиіне Арсений деген есім беріпті. Нәрестенің бойы 50 сантиметр, салмағы 3 килограмды құраған.

"Бәрі сәтті өтті. Майяның да, ұлымыздың да денсаулығы жақсы. Біз бақыттымыз!" - дейді спортшының жары.

Майя Манеза 2007 жылдан бері еліміздің намысын қорғап келеді. 53 келі салмақ дәрежесінде 2009-2010 жылдары әлем чемпионы атағына қол жеткізді. Сонымен қатар, Азия ойындарында жеңістің тұғырынан көрінді. 2011 жылы Парижде өткен әлем біріншілігінде күмісті қанағат тұтса, 2012 жылы Лондон Олимпиадасының алтын алқасын иеленді.

Естеріңізге сала кететін болсақ, ағымдағы жылдың сәуір айында Майя ауыр атлетикадан 2006 жылғы Азия ойындарының чемпионы Вячеслав Ершовқа тұрмысқа шыққан болатын. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: prosport.kz

Ө. Сансызбай