Әлемдік Гран-придегі алғашқы жеңіс

Әлемдік Гран-придегі алғашқы жеңіс

Қазақстандық волейболшы қыздар әлемдік Гран-придегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Алматы қаласында өтіп жатқан бұл байрақты бәсекеде жерлестеріміз Куба құрамасынан басым түсті.

Қалың көпшіліктің қолдауына ие болған қазақстандық волейболшы қыздар алғашқы сетте 25:20 есебімен қарсыластарынан басым түсті. Алайда екінші сетте қонақтар 17:25 есебімен есесін қайтарды. Үшінші шешуші сет тартысқа толы болды. Жеңіс үшін барын волейболшы қыздарымыз 30:28 есебімен жеңіске жетті. Төртінші сетте де 25:20 есебімен басымдықты өз еншімізге жаздық.

Ертең Александр Гутор баптайтын Қазақстан әйелдер құрамасы жарыстың фавориті бразилиялық волейболшы қыздармен кездеседі. Осыған дейін Бразилия құрамасы Нидерланды мен Куба қыздарын тізе бүктірген болатын.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vesti.kz

О. Сансызбай