Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Футбол жаңалықтары

Футбол жаңалықтары

Футбол жаңалықтары

Ди Марияға қос алпауыт таласуда

Француздың "ПСЖ" командасы мадридтік "Реал" мен Аргентина құрамасының жартылай қорғаушысы Анхель ди Марияға "құда түспек", деп хабарлайды insidespanishfootball.com сайты.

25 жастағы футболшы команда сапын тастап кетуге құлықты емес. Бұл туралы өзі мәлім еткен. Егер алда-жалда корольдік клуб лондондық «Тоттехэмнен» Гарет Бейлді сатып алар болса, онда Ди Марияға негізгі құрамнан орын бұйырмайын деп тұр.

ПСЖ мен ағылшындық «МЮ» командалары да Ди Марияға қызығушылық танытуда. Келісімнің қаржы жағы айтылмауда.

Рональдиньоның жаңа күлкісі


«Атлетико Минейроның» жартылай қорғаушысы Рональдиньо өз тісіне бірқатар өзгерістер енгізіпті, деуде 101greatgoals.com.

Әйгілі күлкісімен танылған әлемдік деңгейдегі футбол жұлдызы ендігі таңда өз жанкүйерлерін жаңа жарқын күлкісімен қуанта алады. Жартылай қорғаушы тіс қатарын түзеп, түс пен құрылымын өзгертуге ұшыратты.

15 тамыз күні Бразилия чемпионаты аясында өткен «Байеге» қарсы ойында жаңа күлкісін көрсетті.

«Реал» ойыншылары Гарет Бейлдың баруына қарсы


Мадридтік «Реал» ойыншылары лондондық «Тоттенхэмнен» Гарет Бейлдың ауысып барғанын қаламайды.

Express.co.uk таратып отырғандай, Карим Бензема, Месут Озил және Анхель Ди Мария сынды бірнеше ойыншы бас бапкер Карло Анчелоттиге мәлімдеме жасап, валиялық қорғаушының қажет еместігін айтқан көрінеді.  

Басты себеп – оларды Бейлдың қаржы жағдайы ойлантады. Өйткені, Мадрид төрінен табылар ойыншы жылына 7,5-8,5 миллион фунт стерлинг (салық төлеуден өзге) көлемінде табыс тауып отырмақ. Және Бейл "Реал" тарихындағы ең қымбат ойыншыға айналып шыға келмек. 

Сенсациялық мәлімдеме

Сонымен бірге, Уэльс ұлттық құрамасындағы жігіттерге төмендегідей мәлімдеме жасаған:

"Ендігәрі "Тоттенхэмнің" жейдесін кимеспін",-депті 24 жастағы жігіт.

Сатылымда Лэмпардтың екінші кітабы

Англия құрамасы мен лондондық "Челси" командасының футболшысы Фрэнк Лэмпардтың екінші кітабы сатылымда, деп хабалайды  "Р-Спорт" агенттігі.  

Балаларға арналған "Фрэнки шулы римдіктерге қарсы" кітабы Ұлыбритания мен әлемнің көптеген елдерінде сатылуда. Жаңа кітапта бас қаһарман шеберлігін гладиаторлар мен арыстандарға қарсы шайқаста көрсетіп отырады екен.

Кітап тарату ісін Нил Блэр мен Зои Кинг есімді (Джоан Роулингпен "Гарри Поттер" сериясын таратуда бірлескен жандар) танымал тұлғаларға табыстапты.

Жасы отыз бесті алқымдап қалған Лэмпард "Челси" сапында 2001 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. "Ақсүйектермен" бір қатарда 403 ойын ойнап, 141 голдың авторы атанған. Ал Англия ұлттық құрамасында 96 ойын өткізіп, 29 гол соққан.

* * *

Top of the Week аптаның ең үздік бес голы мен бес үздік қақпашы шеберлігін ұсынады:

Зиданға тапсырма 


Мадридтік «Реалға» бас бапкер көмекшісі болып барған Зинедин Зиданға маңызды тапсырма берілді: әйгілі француз ойыншысы құзырына үш бірдей ойыншыны алған. 

Команданың бас бапкері Карло Анчелотти француздың құзырына Карим Бензема, Месут Озил және академияның тәлімгері Хесе Родригесті табыстаған.

Бензема шабуылшы құрамның негізгі ойыншысы ретінде, Озил Иско тарапынан келетін бәсекелестікте жоғары көрінуі үшін, ал Хесе ересектер командасына ілігу үшін бар күштерін салып көрмек.

Естеріңізге салсақ, Зинедин Зидан осы жылы ғана бапкерлік лицензиясына қол жеткізген-ді.

* * *

14 тамыз күні Нельсон Манделаның аты берілген жолдастық кездесуде ОАР - Нигерия құрамалары кездесу өткізді. Нигериялықтардан Уче Нвофордың бағы жанып, өкшесімен гол соқты.

Кездесу Нигерия құрамасының пайдасына 2:0 есебімен аяқталды. Қос голдың авторы – Уче.

* * *

Ал мынау Альваро Негредоның тамаша голы (Испания-Эквадор):

Бундеслигада кімнің жалақысы көп?


Fussball Geld  Бундеслиганың жоғары жалақы алатын ойыншыларын атады.

Германия чемпионатында мюнхeндік «Баварияның» ойыншылары Филипп Лам, Бaстиaн Швайнштайгер және Фрaнк Рибери ең жоғары жалақы алатын болып отыр. Жылына 10 миллион еуро.

Бундeслигада жоғары жалақы алатын жандардың қатарында "Бaвaрияның" жеті бірдей ойыншысы тұр. Мюнхeндік кoмaнданың қаржы тарату ішкі есебі 140 млн eурoны құраған.

«Бoруссия» өз ойыншыларына 68 миллион еуро қаржы жұмсап отыр екен.

Сурет: football-side.com; axsoris.com 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

12506 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 21 тамыз 2013, 10:27
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...