Жеңіл атлетикадан ӘЧ: Алтыншы күнге арналған жарыстар кестесі

Болат Қосмағамбет Корреспондент
Жеңіл атлетикадан ӘЧ: Алтыншы күнге арналған жарыстар кестесі

Жеңіл атлетикадан Мәскеуде өтіп жатқан әлем чемпионатының кешегі күнінде спортшылар тынығып, үзіліс орын алған еді. Ал бүгіннен бастап олардың алды жарысқа қосылмақ. Сонымен чемпионаттың алтыншы күнінде алты бірдей медальдар жиынтығы сарапқа салынатын болады. Енді бүгін кімдер және қай жарыс түрінен бақ сынасады дегенге тоқталайық.

БӨЛІСУ

Кешкілік жарыс кестесі

21:00 (Астана уақытымен) Биіктікке секіру. Ерлер. ФИНАЛ

Фаворит: Богдан Бондаренко (Украина)

21:05 – Эстафета 4 х 400м. Ерлер. 1-раунд

19:40 – Үш қарғып секіру. Әйелдер. ФИНАЛ

Фаворит: Катрин Ибаргюен (Колумбия)

19:45 – 200м. Әйелдер. Жартылай финал

20:20 – 3000м стипльчез. Ерлер. ФИНАЛ

Фавориттер: Конселиус Кипруто, Эзикель Кембой (екеуі де – Кения)

20:45 – 400м кедергілер арқылы жүгіру. Әйелдер. ФИНАЛ

Фаворит: Зузана Хейнова (Чехия)

21:00 – 400м кедергілер арқылы жүгіру. Ерлер. ФИНАЛ

Фавориттер: Джеуи Гордон (Тринидад және Тобаго), Майкл Тинсли (АҚШ)

21:20 – 1500м. Әйелдер. ФИНАЛ

Фаворит: Абеба Арегави (Швеция)

Ал біз сіздерге бұл сайыстарда кім қандай нәтижемен жеңіске жеткендігі жөнінде ертең хабарлайтын боламыз.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: kremlin.ru