Қазақстан Грузияны тізе бүктірді (видео)

Қазақстан Грузияны тізе бүктірді (видео)

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Грузияны тізе бүктірді. Кездесудегі жеңіс голын Сергей Хижниченко соқты.

Кездесу басталысымен алғашқы соққыны қонақтар бағыттап көрді. Бұл сәтте Александр Сидельников өз орнынан табыла білді.16 минутта Дмитрий Шомконың бағыттаған соққысы грузиндер қақпасына қауіп төндірді. Араға бірнеше минут сала Сергей Хижниченко кездесудегі есепті ашты. Мирослав Беранек шәкірттерінің шабуыл тактикасында өнер көрсететінін баса айтқан болатын. Мұны құрама ойыншылары алғашқы минуттардан-ақ байқатқан-ды. Алайда бір голдан кейін команда қорғанысқа жата бастады. 30 минутта Андрей Сидельников команданы голдан құтқарып қалды. Темури Кацбая жаттықтыратын команда доп ұстау басымдығын арттыра түскенімен, алғашқы таймда ұлттық құрамамыздың қорғанысын бұзып өте алмады.

Екінші таймды да қонақтар шабуылмен бастады. Доп ұстау басымдығын арттыра түскен грузиндер екінші таймда алаңға шыққан Александр Мокинді бірнеше мәрте мазалап та көрді. 52 минутта ұлттық құрамаға шақырту алған Нұрбол Жұмасқалиевтің соққысы қақпашының аяғына тиіп, кейін серпіліп кетті. 68 минутта Сергей Остапенконың керемет асырған пасын Алексей Щеткин жіберіп алды. Осылайша «Атырау» шабуылшысы өзіне берілген соңғы мүмкіндікті пайдалана алмады. Алаңға Александрдың орнына Константин Энгель шықты. Қазақстан ұлттық құрамасы қорғанысты ойлаумен ойын тактикасын өрбіте түсті. 83 минутта Сергей Остапенкода есепті еселеуге тамаша мүмкіндік болған. Алайда «Астана» шабуылшысы мүмкіндікті голға айналдыра алмады. Төреші қосқан қосымша уақытта Дмитрий Шомко қауіпті соққы бағыттаған, бірақ қарсылас қақпашысы өз орнынан табыла білді.

Доп ұстау басымдығы: 36% — 64%
Қақпаға соққы: 10 — 16
Қақпаға дәл соққы: 6 — 4
Ереже бұзу: 11 — 7
Офсайдтар: 2 — 3
Бұрыштама добы: 5 — 10
Сары қағаз: 0 — 0. 

Қазақстан — Грузия 1:0 (1:0)
Гол:
 Хижниченко 17 (1:0)
Қазақстан: Сидельников (Мокин 46), Мулдаров (Гурман 46), Кислицын, Нурдаулетов, Дмитренко, Жұмаcқалиев (Байжанов 78), Богданов, Шомко (Юрин 90), Хижниченко (Остапенко 62), Коробкин, Щеткин (Энгель 69)
Грузия: Ревишвили, Кашия, Хизанишвили, Амисулашвили, Григалава, Кобахидзе, Канкава, Окриашвили, Таргамадзе, Ананидзе, Сирбиладзе
Алаңға шыққандар: Мчедлидзе, Григалашвили Э., Двалишвили, Квирквелия, Гелашвили, Григалашвили Ш.
Бас төреші: Сергей Цинкевич (Беларуссия)
14 тамыз. Астана. «Астана Арена». 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vesti.kz

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындары сатылмайды
Ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындары сатылмайды
Coursera курстарын қалай тегін оқуға болады?
Coursera курстарын қалай тегін оқуға болады?
Сұхбаттасудың орнына ойын ойнау. НУ студенттері қызметке іріктеудің ерекше түрін ойлап тапты
Сұхбаттасудың орнына ойын ойнау. НУ студенттері қызметке іріктеудің ерекше түрін ойлап тапты
Бокстан Қазақстан чемпионаты Шымкентте өтеді
Бокстан Қазақстан чемпионаты Шымкентте өтеді
Команың қандай түрлері бар?
Команың қандай түрлері бар?
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында қайда хабарласуға болады?
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында қайда хабарласуға болады?