Футбол жаңалықтары

Футбол жаңалықтары

Назарларыңызда:

Мессиді бір жолы сатып жібере жаздапты.


"Барселонаның" президенті Сандро Россель испан басылымдарының бас қаһарманына айналды. 

AS газеті каталондықтардың басшысының бір кездері Лионель Мессиден құтылмаққа әрекеттенгені туралы мақаланы жарыққа шығарады. Онда Россель мырзаның 2003 жылы клуб шығынын азайтуға жасаған қадамы сөз етіледі.

Сол жылы каталондықтардың басшысы команданың жастар құрамын қысқартуға бел буып, нәтижесінде "Барселона" Жерард Пике және Сеск Фабрегаспен қоштасуға мәжбүр болған. Дәл осы бір қысқарту қарсаңында Мессидің де сатылып кетпекке айналған. Алайда, сол уақытта жаттықтырушылық қызметте жүрген Пепе Коломер мен Гильермо Хойос араға түсіп, аргентиналық ойыншыны сақтап қалуға үгіттеп көріпті.

Сколари Неймардың анемиясына сенбейді


Бразилия құрамасының бас бапкері Луиз Фелипе Сколари "Барселонаның" жаңа шабуылшысы Неймардың қан аздыққа ұшырағанына күдік білдіруде.

Бес дүркін әлем чемпиондарын жаттықтырып отырған білікті маман өзін алдап жүргендей әсерде екенін жеткізген:

- Бұлай болуы мүмкін емес-ті, - дей келе Сколари, - Конфедерация Кубогі алдында Неймарда бәрі жақсы болатын. Алайда, бізді алдап отырғандай бір күдік билейді. Немесе "Барселонаның" медициналық штабының білмейтін нәрсесі жоқ" - деген екен.

Радамель Фалькаоның отбасында қуаныш


Сейсенбі күні "Монаконың" ойыншысы Радамель Фалькао қыз баланың әкесі атанған. Бақытты отбасы балаға "Доминика" деп есім қойыпты. 

"Таңертеңгілік уақытта қызымыз Доминиканың дүниеге келгені туралы қуана-қуана хабарлаудамын. Біз сондай бақыттымыз!"- депті колумбиялық өз твиттерінде. 

Естеріңізге салсақ,  27 жастағы шабуылшысы 25 жастағы аргентиналық, арғы тегі неміс ұлтынан тарайтын Лорел Дайана Таронмен үйлі болатын. Осы маусымда "Атлетиконың" ойыншысы "Монакоға" ауысып барған-ды. 

 Гарет Бейл "Реалға" қажет емес

Мадридтік "Реал" "Тоттенхэмнің" жартылай қорғаушысы Гарет Бейлді сатып алудан бас тартпақшы. 

The Telegraph хабарлауынша, "корольдік клубтың" жаңа жаттықтырушысы Карло Анчелотти басшылыққа валиялық ойыншының қажетсіздігін жеткізген. Содан да болар, осы бір екі күнде испан астанасының көңіл-күйі сынық, ал Бейль төңірегінде ұзақ ырғалу созыла түсті. 

Ертеректе «Тоттенхэмнің» президенті Даниель Леви «Реалдың» қолма-қол қаражат төлеу мүмкіндігіне сенбестігін білдірген еді. 

"Реал" жанкүйерлері Касильясты таңдады

Мадридтік "Реалдың" жанкүйерлері сол уақытта команда қақпасында Икер Касильястың тұрғанын қалайтындықтарын жеткізген. 

Өткен маусымда Касильяс жарақат алып қалып, біршама уақытқа Диего Лопеске орын босатқан еді. Алайда, команда капитаны жарақатынан айыққаннан соң да негізгі құрамға іліге алмай, екі ортада Жозе Моуриньюмен арада дау-жанжал туындаған-ды. 

AS сайты дауыс беру барысында жанкүйерлердің Касильясты қалайтындығын тағы бір анықтады. Бұл жолы да Икерге 12 мың адам дауыс берген, ал  Лопеске - 4 мың дауыс. 

Вальдестің орнына қақпашы алдырмақ...


"Барселонадағы" Виктор Вальдестің орнын Нахуэль Гузманнің басу мүмкіндігі туралы ақпар тарауда.

Аргeнтиналық "Ньюэллс Олд Бойз" командасының қақпашысы Виктор Вальдестің орнын басар бірден-бір үміткер ретінде қарастырылуда. Испан басылымдары осылай таратуда.

Виктoр Вальдес "Барсаның" қақпасында 2002 жылдан бері қорғап келе жатыр. Ал ендігі таңда команда тізгінін қолға алған Хeрaрдo Мaртинo көзтаныс әрі жақсы ойыншы ретінде Гузмaнды қарастырып отырғанын жеткізген.

27 жастағы Нaхуэль өткен маусымда Аргентина чемпионатында 32 ойын өткізіпті. Ол өз командасының Либeртaдoрeс Кубогі жолында жартылай финалға дейін жетуіне көмектескен. "Бoкa Хуниoрске" қарсы өткен ойынның пeнaльти сериясында екі соққыны қайтара алған. 

Торрес Испанияға орала ма?


Лондондық "Челси" Фернандо Торреске Валенсиядан ұсынып келіп түскенін (25 миллион көлемінде) мәлімдеді.

Лондондық "ақсүйектердің" және Испания құрамасының 29 жастағы шабуылшысы Фeрнaндo Торреске "Валенсия" қызығушылық танытуда. Испандық клуб үміті ақталмаған ойыншыны жалға алмақшы көрінеді.

"Валенсия" "Челсиге" 25 миллион еуро көлемінде ұсыныс тастап та үлгерген. Сол арқылы Торрес "Тoттeнхэмге" ауысып барған Рoбeртo Сoльдaдoның орнын баспақ.

Өткен маусымда Торрес ағылшын біріншілігінде 36 ойын өткізіп, 8 доп соққан және 9 нәтижелі пастың авторы атаныпты.

"Реалдың" Неймарға жасаған қызықты ұсыныстары


"Реалдың" Неймарды сатып алуға ниет танытып, пейіл білдірудегі ертеректегі ұсыныстары белгілі болуда.

Мадридтік "Реалдың" Неймардың "Барселонаға" бармастан бұрын, құда түсуге ниетті екенін және келісімшарт ұсынғаны жайлы айтылып келген-ді. "Корольдік клуб" талантты ойыншыға Мадридтың элиталық ауданынан зәулім үй сыйламақ болған және Зинедин Зидан секілді жұлдыздар шоғырымен көрші тұратынын жеткізіп көрген.

Әйгілі футбол тарланы (алжирлік Зидан) 21 жастағы ойыншыны қарамағына алып, ағалық көмегін аямауға даярланған екен-міс.

Сонымен бірге, "Реал" аталған ойыншыға Мадридте болғаны дұрыс болатындығын және салық төлеу жүйесі оңтайлы шешілетінін, сосын каталондық тілді үйренуі қиын болатынын алға тартқан көрінеді. 

* * *

2013 жылдың тамыз айының екінші апталығында соғылған ең үздік голдар тізімі.

TV Golo ұсынады: 

"Анжидың" тарқауына басты себеп анықталды 

"Анжи" клубындағы қысқартулардың себебі анықталды. Бағалы ойыншылар неге сатылып жатыр екен?

«Анжидегі» орын алып отырған үлкен өзгерістің басты себебі «Уралкалийге» қатысты айтылуда. Өздеріңіз білетіндей, «Aнжидың» басшысы дaгeстaндық сeнaтoр Сулeймaн Керимов аталған ірі компанияның үлкен акционері саналады.

«Урaлкaлий» - топырақ тыңайтқышын шығаратын Ресейдегі және әлемдегі ең ірі кәсіпкерлік орын.

Соңғы апталарда аталған компания 30 пайызға арзандап, нәтижесінде 5,5 миллиарды жоғалтқан. Бұған басты себеп ретінде Бeлaрусияның президенті Aлeксaндр Лукaшeнкoның «Урaлкaлиймен» арада бірлесіп жұмыс жасаудан бас тартқаны айтылуда. Нәтижесінде Кeримoвтің компаниясы «Бeлaруськaлимен" бірігіп жұмыс жасауын доғарған - үнемі трeйдeрі болып келген.

Ертеректе «Урaлкaлий» басшылығы (қазіргі таңда "Монаконың" президенті) Дмитрий Рыбoлoвлeвтің қолында болып келген-ді. 

Естеріңізде болар, "Анжидің" тарқауына Керимовтың сыр берген денсаулығы басты себеп ретінде айтылып келген болатын.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

 

Cурет: fourfourtwo.com.tr; sport-express.ua
Л. Лига