"Барыс" - "Президент Кубогының" иегері!

"Барыс" - "Президент Кубогының" иегері!

Астанада хоккейден өткен ІV халықаралық «ҚР Президенті Кубогын» еліміздің "Барыс" командасы иеленді. 4 күнге созылған аламанда 4 хоккей командасы бақ сынаған болатын. 

Еліміздің намысын астаналық «Барыс» командасы қорғап, финалда ханты-мансийлік "Югра" қомандасын жеңді. Топтық кезеңде де кездескен қос ұжым арасындағы додада да жерлестеріміздің мысы басым болған еді.

Финалдағы есепті 10 минутта қонақтар сапынан Иван Яценко ашты. "Барыс" алғашқы айналым аяқталуына 44 секунд қалғанда барып есепті теңестіруге мүмкіндік алды. Екінші жиырма минутта "Югра" сапынан Андрей Шефер командасын тағы да алға шығарды. Бірақ, бұл қуаныштарын көпке создырмай, Ари-Пекка Селин шәкірттері есепті теңестірді. 33 минутта Евгений Хвостов тағы да қонақтарды алға шығарып кетті. Шешуші кезеңде Роман Старченко кездесудегі екінші шайбасын соқса, Андрей Гаврилин "Барысты" алғаш алға шығарды. Осы есеп кездесу соңына дейін сақталып, жерлестеріміз Президент Кубогын иеленді.

Үшінші орын үшін талас  жүргізген хабаровтік "Амур" командасы "Витязьды" 4:0 есебімен жеңді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар