Әуе шарымен хат жолдады

Әуе шарымен хат жолдады

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан Украинаның "Металлист" командасы келісімді кездесу өткізді деген күдікпен жарыстан шеттетілуі мүмкін. Наразылыққа шыққан команда жанкүйерлері УЕФА президенті Мишель Платиниге әуе шары арқылы хат жолдады.

2 тамыз күні Лозаннадағы төрешілер соты (CAS) 2008 жылғы харковьтік "Металлист" пен Львов қаласының "Карпаты" командалары арасындағы кездесу келісімді түрде өтті деп мәлімдеген-ді. Енді бұл келісімді кездесу үшін УЕФА "Металлист" командасына шара қолдануы әбден мүмкін. 

Кеше мыңдаған "Металлист" жанкүйерлері наразылық шараларын ұйымдастырып, команданы бастысы еурокубок жолындағы жарыстан шеттетілмеуін өтінді. Естеріңізге сала кетсек, "Металлист" командасы 7 тамыз күні Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шығып, жеребеде немістің "Шальке-04" командасымен жолы түйіскен болатын. 

"Біз Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңін артта қалдырып, плей-офф кезеңіне өттік. Менің ойымша, УЕФА бізді бұл байрақты бәсекеден шеттете қоймас деген үміттемін" - деді команданың ардагер футболшысы Сергей Малько.

Наразылық соңынан команда жанкүйерлері УЕФА президенті Мишель Платиниге әуе шары арқылы хат жолдады. Хатта сүйікті командаларына кешіріммен қарауды өтінген көрінеді. "Металлист" командасының тағдыры бүгін Швейцарияның Ньон қаласында шешіледі.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vesti.kz

Ө. Сансызбай