"Селтик" пен "Шахтер" кездесуін 60 832 адам тамашалай алады

"Селтик" пен "Шахтер"  кездесуін 60 832 адам тамашалай алады

Қарағандылық "Шахтер" клубы чемпиондар Лигасы іріктеу кезеңі аясындағы плей-офф сындарының жауапты матчын шотландиялық "Селтикке" қарсы Глазго қаласында өткізеді, деп хабарлайды Vеsti.kz тілшісі.

Дәлірек айтқанда бұл матч жалпы саны 60 832 жанкүйерді сыйдыра алатын "Селтик Парк" стадионында өтеді деп жоспарланып отыр. Айта кетейік, ол Шотландиядағы сыйымдылығы жағынан Эдинбургтегі "Мюррейфилдтен" кейін екінші орында тұр. Стадионның іргетасы алғаш 1888 жылы қаланған екен. Ең алғашқы ойын 28-мамыр 1888 жылы "Рейнджерс" пен "Селтик" арасында өтіп, 5:2 есебімен аяқталған. 

Төрт жыл өткеннен кейін ескі стадионға қарама қарсы жерден жаңа спорттық кешен бой көтерді. 

1938 жылы бірінші дивизионда "Рейнджерс" қатысқан матчта жанкүйерлердің рекордты саны тіркелді. Сол кезде футбол тамашалауға бір мезетте 92 975 адам келген. 

1

"Селтик Парк" стадионының ішкі көрінісі

Ал қарағандылық клуб болса осыған дейін дәл мұндай стадионда ойнап көрген емес. "Шахтер" қарсыластарының ішінен осыған дейін тек польшалық "Рух" (УЕФА Еуропа лигасының 2010/11 жылдардағы іріктеу кезеңі, 3:1 есебімен жеңіліс) пен албаниялық "Скендербеу" (чемпиондар Лигасының 2013/14 жылдардағы үшінші іріктеу кезеңі, 5:3 есебімен жеңіс) клубтарының стадиондары 12 000 жанкүйер сыйдыра алатын еді. 

Айта кетейік, Қарағандыдағы "Шахтер" стадионы жалпы саны 19 000 адамды қабылдай алады. Ал клубтың соңғы ойын көрсеткен стадионы "Астана-Арена" бір мезетте 30 000 адамды сыйдырады. 

Естеріңізге сала кетсек, "Селтик" пен "Шахтер" клубтары арасындағы қарымта матч 29-тамызға қараған түнде Астана уақытымен 00:45-те басталады. Қазіргі ақпараттар бойынша, ойынға кіру билетінің орташа бағасы 5 000 теңгені құрап отыр. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: 100dorog.ru

Б. Қосмағамбет