Жастар құрамасы алаңға шығады

Жастар құрамасы алаңға шығады

Санаулы сағаттардан кейін Астанада футболдан 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу матчы өтеді. Қазақстан U-21 жастар құрамасы өз алаңында Арменияны қабылдайды.

Сергей Боровский жаттықтыратын жастар құрамасы іріктеу кезеңінің 10-шы тобында өнер көрсетуде. Бұл топта Исландия, Армения, Беларуссия, Франция және Қазақстан жастары бақ сынайды. Әзірге топты екі кездесу өткізіп жеңіске жеткен Исландия жастар құрамасы бастап келеді. Ал Қазақстан U-21 жастары екінші орында. Естеріңізде болса, алғаш сырт алаңда өнер көрсеткен жерлестеріміз Беларуссияны бір доп айырмасымен ұтқан-ды. Кездесудегі жеңіс голын 11 метрлік айып добынан Бауыржан Исламхан соққан болатын.
 
Бүгінгі Қазақстан U-21 жастар құрамасының құрамы:
 
Қақпашылар: Сергей Ткачук («Шахтер»), Стас Покатилов («Шахтер»), Александр Заруцкий («Шахтер»).
Қорғаушылар: Бақдаулет Қожабаев («Ертіс»), Дмитрий Мирошниченко («Актөбе»), Кирилл Пасичник («Астана»), Саят Сариев («Жетісу»), Игорь Пикалкин («Астана»), Максим Грек («Ордабасы»), Григорий Сартаков («Спартак»).
Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат («Астана»), Илья Калинин («Қайрат»), Александр Ульшин («Оқжетпес»), Бауыржан Исламхан («Астана»), Бауыржан Шерхан («Тараз»).
Шабуылшылар: Роман Муртазаев («Шахтер»), Абзал Бейсебеков («Астана»), Эльвин Аллаяров (Ертіс»), Куаныш Бегалин («Ертіс»).
Қосалқы құрам: Ярослав Бондаренко («Ордабасы»), Сергей Кейлер («Қайрат»), Бауыржан Байтана («Тобыл»), Айбар Нұрыбеков («Атырау»), Әлібек Аяғанов («Ертіс»), Тохтар Жангылышбай («Шахтер»).
Жастар құрамасының бапкері - Сергей Боровский.
 
Қос құрама арасындағы кездесуді бүгін сағат 18.45-те "Қазақстан" мен "KazSport" арналарынан тамашалай аласыздар!
 
Жерлестерімізге жеңіс тілейміз!

 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

Ө. Сансызбай