"Ақтөбенің" қарсыласы - киевтік "Динамо"

"Ақтөбенің" қарсыласы - киевтік "Динамо"

Жаңа ғана Швейцарияның Ньон қаласында Еуропа лигасының плей-офф кезеңінің жеребесі тартылды. Ел намысын қорғап келе жатқан Владимир Никитенко шәкірттерінің қарсыласы киевтік "Динамо" болды.

Еуропа лигасында өнер көрсетіп келе жатқан Владимир Никитенко шәкірттері кеше ғана исландиялық «Брейдаблик» командасын пенальти сериясында жеңіп, плей-офф кезеңіне шыққан болатын. Енді олардың қарсыласы украиналық команда болып отыр. Қос ұжым арасындағы алғашқы кездесу 22 тамыз күні Ақтөбеде өтсе, қарымта кездесу 29 тамызда Киевте өтеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

Ө. Сансызбай