Хоккейден "Президент Кубогы" басталды

Хоккейден "Президент Кубогы" басталды

Бүгін Астанада шайбалы хоккейден ІV халықаралық «ҚР Президенті Кубогы» турнирі өз жалауын көтерді. 4 күнге созылатын аламан 13 тамыз күні өз мәресіне жетеді.

Еліміздің намысын астаналық «Барыс» командасы қорғайды. Додада 4 команда бақ сынасады. Қонақтардың қатарында Құрлықтық лигада үздік саналатын «Амур», «Витязь», «Югра» командалары бар. Кездесулер Астанадағы «Қазақстан» спорт сарайында өтеді. Бұл турнир құрлықтық лига алдындағы командалардың дайындығын пысықтауға да тамаша мүмкіндік болмақ. «Барыстың»  бас бапкері Ари-Пекка Селин жарыста командасының тек бас жүлде үшін таласатынын жеткізді.

Турнир кестесі:

9 тамыз (жұма)
14:00 «Югра» - «Витязь»
19:00 «Барыс» - «Амур» - ашылу салтанаты

10 тамыз (сенбі)
13:00 «Витязь» - «Амур»
18:00 «Барыс» - «Югра»

12 тамыз (дүйсенбі)
14:00 «Амур» - «Югра»
19:00 «Барыс» - «Витязь»

13 тамыз (сейсенбі)
14:00 ІІІ орын үшін кездесу
19:00 Финалдық кездесу

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: tengrinews.kz