ФИФА рейтингі. Бір саты жоғарыладық

ФИФА рейтингі. Бір саты жоғарыладық

Футболдан ФИФА ұлттық құрамалардың жаңа рейтингін жариялады. Көш басында келе жатқан алғашқы ондықтағы ұлттық құрамалардың нәтижелері сақталған. Ең төменгі нәтижені Экваторлық Гвинея құрамасы көрсетіп отыр. Олар 32 саты төмендеп, 99-шы орынға тұрақтаған. Бұл рейтингтің үздік көрсеткішін Мавритания құрамасы еншіледі. Олар бірден 21 саты жоғарылап, 151-ші орынға табан тіреген. Сонымен қатар Босния, Кабо-Верде, Түркіменстан ұлттық құрамаларының жағдайы да жоғары көрсеткішке көтерілген. Ал Қазақстан ұлттық құрамасы болса, рейтингте 172 ұпаймен бір саты жоғарылап, 149-шы орынға жайғасты. Естеріңізде болса, өткен айда ұлттық құрамамыз 150-ші орыннан көрінген болатын. 

Алғашқы ондыққа енген ұлттық құрамалар тізімі:

1. Испания — 1484 ұпай
2. Германия — 1257 ұпай
3. Колумбия — 1219 ұпай
4. Аргентина — 1210 ұпай
5. Нидерланды — 1165 ұпай
6. Италия — 1142 ұпай
7. Португалия — 1099 ұпай
8. Хорватия — 1098 ұпай
9. Бразилия — 1089 ұпай
10. Бельгия — 1079 ұпай

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vesti.kz

Ө. Сансызбай