Неймардың денсаулығы нашарлауда...

Неймардың денсаулығы нашарлауда...

Неймардың әкесі ұлындағы («Барселонаның» шабуылшысы) қан аздықты (анемия) қиянатсыз ауру түріне жатқызбай, қорқыныш білдіруде. 

Жуықта аталған футболшыдан қан аздық (анемия) табылған болатын, алайда, каталондық клуб басшылығы аурудың ушығып кетердей қатерлі емес екенін және ойыншының жаттығу жасап, ойнай беруіне болады дегенді айтқан болатын. Соған қарамастан, әкесі олай ойламайтын болып шықты. 

"Неймардың қан құрамында темір тіптен аз, апатты деуге келеді. Оның физикалық шаршап-шалдығуы қалыпты дене күйіне саналмайды және бізді қатты алаңдатуда. Оның денесінде бір түйір май жоқ, міне, сол үшін де оның бұлшық ет салмағы кеми түсуде. Бұл өз кезегінде проблема", - дейді әкесі. 

Айтылып отырғандай, Неймар 1 шілдеден бері 7 келі салмақ тастап үлгерген. Бұл туралы Football Espana хабарлай кеткен.

 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: sport.news.am; mediablogseo.info




ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Құсбегілер бәсі
Marhaba Sabi - Marsqa
NINETY ONE - QIYALMAN