Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Алматыда Буффонның жейдесі аукционға түсіп жатыр

Алматыда Буффонның жейдесі аукционға түсіп жатыр

Алматыда Буффонның жейдесі аукционға түсіп жатыр

Алматы қаласында футболдан Италия құрама командасының қақпашысы, әйгілі Джанлуиджи Буффонның жейдесі аукционға түспек. Киімде ювентустық голкипердің қолтаңбасы да орын тепкен. Бұл туралы Komanda SOS еріктілер орталығы хабарлап отыр.  

Жейденің бастапқы бағасы 1000 доллар. Тауарды сатып алғысы келген кез келген адам World Class Almaty фитнес-клубына келіп тіркелуіне болады. Клуб Наурызбай батыр, 89 мекен-жайында орналасқандығын айтып өтейік. Сатылым бүгін басталып, нәтижесі маусым айының басында жарияланады деп жоспарланып отыр. 

Жейдені ұсынып отырған - Константин Жарликов есімді азамат. Аукционнан түскен барлық қаражат сал ауруына шалдыққан балаларды емдеуге жұмсалмақ. Жарликов журналистерге берген сұхбатында: "Егер менің бұл қадамым сәбилердің өмірін сақтап қалуға ықпал етіп, оларды бақытты етер болса, осының өзі мен үшін бақыт. Футбол сүйер қауым біздің бұл әрекетімізге оң көзбен қарап, аукционға қатысып, үлесін қосар деген үмітім бар", -  деп ағынан жарылды. 

Естеріңізге сала кетейік, мұндай шара бұдан бұрын Алматы қаласында 2011 жылдың 6 желтоқсаны мен 2012 жылдың 5 қаңтары аралығында өткен болатын. Ол жолы сатылымға Англия құрама командасы ойыншыларының қолтаңбасы бар доп шыққан болатын. Алғашқы бағасы 3000 доллар деп танылған доп екі есе жоғары бәске бағаланып сатылды. Түскен қаражат сал ауруына шалдыққан 4 сәбидің операциясына жетіп, олардың емделіп шығуына себеп болған еді. 

сурет: football-wallpapers.com


1285 25
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 02 сәуір 2012, 17:10
Пікірлер
+0
02 сәуір 2012, 17:13

Күлкім келеді осындайға :D Буффонның жейдесі де жейде емес пе кәдімгі? :roll:

+0
02 сәуір 2012, 17:14

Буффон нағыз қақпашы ғо, біздің Лория секілді :lol: :lol: :lol:

+0
02 сәуір 2012, 17:14

Жейдесі жуылған ба, әлде....?

+0
02 сәуір 2012, 17:15

жуылған болса, несі қызық оның?

+0
02 сәуір 2012, 17:16

Рахаттың бәрі иісте десей....

+0
02 сәуір 2012, 17:17

дәл өзі

+0
02 сәуір 2012, 17:16

жуылмаған десең ))))))))

+0
02 сәуір 2012, 17:21

Мика, Буффон деген джынды қақпашы ғо!!!!!! Мерседеске ауыстырар ем жейдесін

+0
02 сәуір 2012, 17:21

1980 жылғы w123 :lol: :lol: :lol:

+0
02 сәуір 2012, 17:22

біршама жасқа келіп қалыпты ғой :)

+0
02 сәуір 2012, 17:24

:mrgreen: :mrgreen: :mrgreen: футболсүйер )

+0
02 сәуір 2012, 17:50

Буффон сол жейдемен терледі деп ойласындар ма??? Кім айтты какпашы терлид деп???

+0
02 сәуір 2012, 17:53

неге терлемид, ол да адам баласы ғо

+0
02 сәуір 2012, 18:21

құр қақпада терлемид адам!

+0
02 сәуір 2012, 18:23

доп жақындағанда жүгіреді ғо тілін салақтатып ары-бері :mrgreen:

+0
02 сәуір 2012, 17:30

Раульдың жейдесі сатылса алар едім. :mrgreen:

+0
02 сәуір 2012, 17:31

Асекеңе айту керек қой, сол кісі қатысар аукционға :D

+0
02 сәуір 2012, 17:35

:lol:

+0
02 сәуір 2012, 17:47

Буффон кызыктырмайд! Кандікі болса катысарма едім...

+0
02 сәуір 2012, 17:53

ОООО Оливер Кан Блин бульдог қо, айыратын бұрын. Бартездің жейдесін 50 теңгеге де алмас едім :mrgreen: :mrgreen: :mrgreen:

+0
02 сәуір 2012, 18:26

Бартез мықты қақпашы!!! Француздарда Бартезден кейін мықты қақпашы шықпады...

+0
03 сәуір 2012, 22:10

Бартездін жейдесін алып койгам, ол жейдесін 2500тенгеге сатты гой базарда )))))) :lol: :lol: :lol:

+0
02 сәуір 2012, 17:38

Мә алам

+0
03 сәуір 2012, 10:57

Касиллас жейдесін сатса ғой... :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...