Еуропаның үздігі кім болмақ?

Еуропаның үздігі кім болмақ?

Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) 2012/2013 маусымдағы Еуропаның ең үздік ойыншысы жүлдесіне үміткер 3 футболшының есімін атады. Үздіктер қауымдастық құрамына кіретін тілшілердің дауыс беру нәтижесінде анықталды.

Еуропаның үздік футболшысына үміткерлер мадридтік «Реалдан» Криштиану Роналду, «Барселонадан» Лионель Месси және "Бавариядан" Франк Рибери болды. Аталған үштіктің үздігінің есімі 29 тамызда Монакода болатын Чемпиондар лигасының жеребе тастау рәсімінде аталады. 

Лионель Месси өткен маусымда каталондық "Барселона" командасының сапында 46 гол соғып ішкі премьер-лигада чемпиондық атаққа қол жеткізді. Төртінші рет "Алтын допты" иеленді. Португалдық шабуылшы Криштиану Роналду Чемпиондар лигасының үздік сұрмергені атанды. Ал Франк Рибери мюнхендік "Бавариямен" бірге Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Сонымен қатар бундеслига чемпионы мен неміс кубогын да иеленді.

Естеріңізде болса, Еуропаның үздік футболшысы жүлдесі 2011 жылы бастау алған болатын. Сол жылы бұл атақты Лионель Месси иеленсе, 2012 жылы оның командаласы Андреас Иньеста жеңіп алған-ды. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: alaman.kz

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қазақтың байырғы баспана атаулары
Қазақтың байырғы баспана атаулары
Нұр-Сұлтанда жасанды сана рентген суретіне қарап диагноз қояды
Нұр-Сұлтанда жасанды сана рентген суретіне қарап диагноз қояды
Фейк: Тұзды ерітінді мен жусан коронавирустан қорғамайды
Фейк: Тұзды ерітінді мен жусан коронавирустан қорғамайды
Фэнтези жанрындағы үздік 100 кітап
Фэнтези жанрындағы үздік 100 кітап
Chevrolet кроссоверлері туралы не білесіз?
Chevrolet кроссоверлері туралы не білесіз?
Бэнкси картинасы 8 минут ішінде $10 миллионға сатылды
Бэнкси картинасы 8 минут ішінде $10 миллионға сатылды