Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Чемпиондар лигасы. "Шахтер" плей-офф кезеңінде!

Чемпиондар лигасы. "Шахтер" плей-офф кезеңінде!

Чемпиондар лигасы.

Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Шахтер» албан чемпиондары «Скендербеуден» қос кездесу нәтижесі бойынша 5:3 есебімен басым түсті. Қарағандылық ұжым қазақ футболының тарихындағы еурокубок бәсекесінің топтық кезеңіне шыққан тұңғыш команда болып отыр.

Алғашқы тайм басталысымен «Шахтер» ойыншыларында керемет мүмкіндік болған. Алайда қақпашымен бірге-бір шыққан Сергей Хижниченко айласын асыра алмады. Есесіне жергілікті команда желпініп өнер көрсете бастады. 8 минутта Нуриддин Орелесидің тамаша асырған пасын Желко Томич сәтті пайдаланып есеп ашты. Қарағандылық ұжым жергілікті алаңға бой үйретіп үлгермей жатып-ақ «Скендербеу» өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға тырысты. Футбол мамандарының көпшілігі «кеншілер» командасына ерте доп жіберіп алмауды басты назарда ұстауды меңзеген-ді. Алайда «Шахтер» қақпасына 30 минут өтпей жатып екі бірдей пенальти белгіленді. Александр Мокин «Батэге» қарсы кездесудегідей ерлік таныта алмады. Команда капитаны Бленди Шкемби өз мүмкіндігін сәтті орындады. Алғашқы тайм аяқталар тұста «Шахтер» шабуылына жан кіріп, Сергей Хижниченконың баспен бағыттаған соққысы «Скендербеу» қақпасының торында тулады.

Алғашқы таймда сәтсіз ойнаған Сергей Малыйдың орнына екінші таймда Мақсат Байжанов шықты. Қарағандылық ұжым ширақ шабуылдарын ұйымдастыра бастады. Жергілікті команда қақпасына қауіп тудыра да білді. Бірақ аздап сәттілік жетіспеді. 51 минутта Андрей Финонченконың соққысын қақпашы қайтарумен шектелді.  54 минутта жергілікті команданың шабуылшысы Перич өрескел ойын ережесін бұзып, алаңнан қуылды. 65 минутта жаңадан алаңға шыққан жергілікті команда ойыншысы аса қауіпті соққы бағыттады. Бұл сәтте Александр Мокин соққыны қайтаруға дайын болып шықты. 67 минутта қарағандылық ұжым сапына екінші таймда қосылған Мақсат Байжанов есепті қысқартты. 82 минутта Александр Мокин қырағылық танытып, команданы тағы бір голдан аман алып қалды. Славакиялық төрешілер кездесудің негізгі уақытына 3 минут уақыт қосты. Осылайша «Шахтер» жергілікті командаға есе жіберсе де, плей-офф кезеңіне жолдама алды. «Шахтер» қазақ футболының 100 жылдығына үлкен сый жасап, тарихымызда тұңғыш команда болып еурокубок жолында топтық кезеңге шығып отыр.

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі қарағандылық «Шахтердың» қарсыласы 9 тамыз күні жеребеден кейін анықталатын болады.

«Скендербеу» (Корча, Албания) — «Шахтер» (Қарағанды, Қазақстан) 3:2 (3:1)
Гол: 
Томич 9 (1:0), Шкемби  пенальти 20 (2:0), Шкемби  пенальти 29 (3:0), Хижниченко 38 (3:1), Байжанов 67 (3:2)
Ескертулер: Томич 59 — Василевич 20, Малый 29, Джидич 45
Алаңнан қуылды: Пеич 54
«Скендербеу»: Шехи, Арапи, Адемир (Фагу 85), Радаш, Гвозденович, Орелеси, Томич (Абази 61), Лиляй, Морина (Еюпи 64), Шкемби, Пеич
«Шахтер»: Мокин, Васильевич, Порываев (Тарасов 61), Джидич, Малый (Байжанов 46), Симчевич, Вичюс, Казарян, Каньяс, Финонченко, Хижниченко (Зенькович 72)
Төреші: Иван Кружляк (Словакия)
Тирана. «Кемал Штафа».
Алғашқы ойын: 
0:3.

Cергей Хижниченконың есеп қысқартқан сәті

Екінші таймда алаңға шыққан Мақсат Байжановтың голы

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: prosport.kz

Қосылған күні: 07 тамыз 2013, 02:07

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.