Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Әлем рекорды үшін 100 мың АҚШ доллары

Әлем рекорды үшін 100 мың АҚШ доллары

Әлем рекорды үшін 100 мың АҚШ доллары

Жеңіл атлетикадан Мәскеуде өтетін 2013 жылғы әлем біріншілігінде әлем рекордын жаңартқан спортшыларға 100 мың АҚШ доллары сыйға берілетін болды.  

Бұл арнайы жүлдені IAAF пен жеңіл атлетика федерацияларының Халықаралық қауымдастығының ресми серіктестері TDK (ерлер үшін) және Toyota (әйелдер үшін) компаниялары тағайындап отыр, деп хабарлайды Бүкілресейлік жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты. Кореяның Дэгу қаласында 2011 жылы өткен әлем чемпионаты кезінде бұл жүлдеге Ямайкалық төрт желаяқ 4х100 метр қашықтыққа эстафеталық жүгіруде қол жеткізген болатын. Олар: Усэйн Болт, Неста Картер, Майкл Фрэйтер және Йохан Блэйк (суретте). Осылайша олар 37,04 секунд нәтижесімен Пекинде өткен Олимпиада ойындары кезінде өздері орнатқан әлем рекордын бұзған болатын.  

Ал егер белгілі бір жарыс түрінде екі бірдей әлем рекорды қайталанатын болса, онда бұл жүлде ешкімге де табысталмайды.

Жеңіл атлетикадан XIV әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры 7 миллион АҚШ долларынан астам болып отыр. Жарыста әлем рекордынан бөлек, жүлделі орындарға ие болған әр спортшыға да сыйақы тағайындалған. Мысалы, жеке бағдарламалар бойынша алтын медаль олжалаған спортшыны 60 000 доллар күтіп тұрса, күміске 30 000, ал қола үшін 20 000 доллар беріледі.

Сондай-ақ ұйымдастырушылар төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші орындарға тұрақтағандарды да құр қол қалдырмақ емес. Оларға сәйкесінше 15 000, 10 000, 6000, 5000 және 4000 АҚШ долларынан төленеді.  

Ал енді эстафеталық жарыстардағы жүлделерге тоқталсақ. Алтын – 80 000 доллар, күміс – 40 000, қола – 20 000, төртінші орын – 16 000, бесінші орын – 12 000, алтыншы орын – 8000, жетінші орын – 6000, сегізінші орын – 4000 АҚШ доллары.  

Әлем рекордын орнатушылар мен жүлдегерлер үшін берілетін сыйақылардан бөлек, Toyota әлем чемпионатына қатысатын атлеттер мен ресми тұлғаларға екі жүзден аса автокөлік қарастырып қойыпты.

Естеріңізге салсақ, жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты биыл Мәскеу қаласында 10-18 тамыз күндері аралығында өтеді. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: eurosport.ru

1358 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 06 тамыз 2013, 22:18
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев