МЮ Роналду үшін 80 миллион фунт төлеуге дайын

МЮ Роналду үшін 80 миллион фунт төлеуге дайын

"Реал Мадрид" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду "Манчестер Юнайтедке" қайтып оралуы мүмкін, деп хабарлайды Daily Star. Ол ақпарат бойынша ағылшын клубы 28 жасар футболшы үшін 80 миллион фунт стерлингке шығындалуға әзір. 

Осыған дейін кейбір батыстық БАҚ өкілдері "Реалдың" экс-президенті Висенте Кальдеронаның Роналду мадридтіктердің қазіргі басшысы Флорентино Переспен келісе алмай жүргендігі жөнінде айтқан мәлімдемесін жазған болатын. Бейресми ақпараттар бойынша, Перес "МЮ" клубының атқарушы директоры Эд Вудвордпен португалдықтың трансферін талқылау үшін кездескен көрінеді. Алайда бұл ақпараттар әзірге расталған жоқ. 

Айта кетейік, Роналду 2012/13 жылғы маусымында Испания чемпионатында 34 матчқа қатысып, 34 голмен көзге түсті. Сондай-ақ ол чемпиондар Лигасында да кездесулер өткізіп, 12 рет мергендік танытты. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: livesport.kz

Б. Қосмағамбет