Азия чемпионатын жеңіспен бастадық

Азия чемпионатын жеңіспен бастадық

Филиппиннің Манила қаласында баскетболдан ерлер арасында басталған Азия чемпионатын жерлестеріміз жеңіспен бастады. Топтық кезеңдегі алғашқы кездесуінде Тайланд құрамасын 81:67 есебімен тізе бүктірді.

Қазақстан D тобында өнер көрсетуде. Бұл топта жерлестеріміздің қарсыластары Тайланд, Бахрейн және Үнді баскетбол құрамалары. Тайландпен болған алғашқы кездесу ел құрамасына аса қиындық тудыра қойған жоқ. Маттео Боничиолли шәкірттері 81:67 (26:15 16:18 27:14 12:20) есебімен жеңіске жетті. Бүгін Қазақстан құрамасы Бахрейнмен жарыс жолына шығады.

Баскетболдан 27 рет ұйымдастырылып отырған Азия чемпионаты 11 тамыз күні өз мәресіне жетеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Cурет: sports.kz

Ө. Сансызбай