Оқи отырыңыз

Жақсылық көрсем – өзімнен,
Жамандық көрсем – өзімнен.

Автор: Сұлтанмахмұт Торайғыров

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / UEFA рейтингінде бес саты жоғарыладық

UEFA рейтингінде бес саты жоғарыладық

UEFA рейтингінде бес саты жоғарыладық

Еліміздің клубтары Еурокубок жарыстарында сәтті өнер көрсеткенінің арқасында Қазақстанға УЕФА рейтингісінде рекордты ұпай жинады. Ол бойынша чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасында әр елден қанша команда қатысатыны белгілі болады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Рейтингте жеңіске жеткен командағы бір ұпай берілсе, тең есепке 0,5 ұпай беріледі. Нәтижесінде барлық командалардың жинаған ұпайлары қосылып, елден қатысушы клубтардың санына бөлінеді. Алынған нәтиже кестеге түседі. Әр елдің рейтингісі соңғы өнер көрсеткен бес маусымның қорытындысында қалыптасады. 

Қазіргі кезде "Шахтер", "Ақтөбе" және "Ертіс" клубтарының көрсеткен нәтижесінің арқасында Қазақстан бұрын-соңды болмаған 2,125 балл жинады. Сондай-ақ ағымдағы маусым бойынша бұл көрсеткіш Еуропа елдерінің ішіндегі екінші нәтиже. Бірінші орынды 2,500 ұпаймен румын клубтары бастап тұр. Румыния осының арқасында рейтингте 15-орынға көтеріліп, енді ол чемпиондар Лигасына екі клуб қоса алады. 

Ал Қазақстан болса, "Шахтердың" чемпиондар Лигасы үшінші іріктеу раунды аясындағы бірінші матчы аясында албаниялық "Скендербеу" клубын жеңгеннен соң 35-орынға шығып, Финляндия, Исландия, Латвия, Черногория, Ирландия және Уэльс сияқты елдерді артқа тастады. Ол маусымды 40-орынмен бастаған болатын. Енді Еурокубок жарыстарына елімізден бірнеше клуб қатысуы үшін 15-орынға шығуы керек. 16 және 44-орын аралығында тұрған елдер чемпиондар Лигасына бір клуб, ал Еуропа Лигасына үш клубтан қоса алатынын айта кетейік.   

Қазір қарағандылық "Шахтер" чемпиондар Лигасында, ал "Ақтөбе" Еуропа Лигасында жарысты сәтті жалғастыруда. Егер екі клуб та топтық жарысқа шығар болса төрт ұпайға қол жеткізе алмақ. 

Естеріңізге салсақ, "Шахтер" кеше чемпиондар Лигасы үшінші раунды аясындағы бірінші ойында албаниялық "Скендербеу" клубын 3:0 есебімен жеңген болатын. Енді қос клуб арасындағы қарымта кездесу 6-тамызда Албания астанасы Тиранада өтеді деп жоспарланған. Ал "Ақтөбе" болса Еуропа Лигасы үшінші іріктеу раунды аясындағы алғашқы матчын өз алаңында исландиялық "Брейдаблик" клубын қабылдайды. Ойын ертең Астана уақытымен 22:00-де басталады. Матчы "KazSport" арнасы тікелей эфирден көрсетпек. Қазақстандық клуб екінші раундтың қорытындысы бойынша норвегиялық "Хедд" клубын жеңген еді.   

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: tengrinews.kz

1444 1
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 31 шілде 2013, 18:00
Пікірлер
+0
01 тамыз 2013, 03:03

Керемет десеңші Қазақ футболы осылай дамуда және мұнымен тоқтап қалмау керек

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...