Роналду келісімшартты ұзартуға көнді

Роналду келісімшартты ұзартуға көнді

"Реал" президенті Флорентино Перес команда көшбасшысы Криштиану Роналдуға Мадридте қазіргі уақыттың өзінде қомақты ақша алатынын айтып, жалақысының көтерілуін талап етпеуге көндірді.

Мадридтік клуб басшылығы португалдық ойыншымен бірнеше айдан бері келісімшарт мерзімін ұзартуға тырысып келген болатын, бірақ Криштиану жалақы мөлшерін көтерілуін талап етіп, олай болмаған жағдайда командадан кететіндігін мәлемдеген-ді. 

Перес пен Роналду арасындағы келісімшарт мерзімін ұзартуға байланысты келіссөз корольдік клубтың АҚШ еліндегі оқу-жаттығуы кезінде өтті, деп хабарлайды испандық БАҚ өкілдері. Келісімшарт алдағы бірнеше күнде ұзартылады деп күтілуде. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: soha.vn

Ж. FM