Мәскеуге баратын спортшылар белгілі болды

Мәскеуге баратын спортшылар белгілі болды

Мәскеуде 10-тамыз күні жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталады. Еліміздің атынан сынға түсетін, халықаралық дәрежедегі турнирлерде жолдама алған 17 спортшының есімдері белгілі болды.

Мәскеу төріне жеңіл атлетикадан аттанатын ұлттық құраманың сапында 7 ер, 10 әйел еліміздің атынан бақ сынасады. Ерлер құрамында - Георгий Шейко және Виталий Аничкин (спорттық жүріс), Михаил Красилов (марафон), Роман Валиев (үш қарғып секіру), Никита Филиппов (сырықпен секіру), Константин Сафронов (ұзындыққа секіру) және Дмитрий Карпов (онсайыс), ал әйелдер құрамында -  Ольга Сафронова, Виктория Зябкина, Маргарита Мукашева (жүгіру), Галина Кичигина, Айман және Шолпан Қожахметова (спорттық жүріс), Анастасия Сопрунова (кедергілерді секіріп өту), Марина Аитова (биіктікке секіру), Ирина Карпова (жетісайыс), Ирина Эктова (үш қарғып секіру) өнер көрсетеді.

Ұлттық құрама ерлер арасында онсайыстан Афины олимпиадасының жүлдегері Дмитрий Карповқа үлкен сенім артуда. Онсайысшы бір ай бұрын Азия чемпионы атанған болатын. Әйелдер арасында жүгіруден Қазанда өткен Универсиаданың жеңімпазы Маргарита Мұқашевадан жаттықтырушылар биіктен көрінеді деп үміт күтуде. Сонымен қатар Марина Аитова мен Никита Филлипповтар да соңғы жарыстарда жоғары нәтижеге қол жеткізіп келеді.

Жеңіл атлетикадан ұлттық құраманың көшбасшысы Лондон олимпиадасының жеңімпазы Ольга Рыпакова бұл додаға қатыспайды. Жақында ғана дүниеге ұл әкелген спортшы қазір демалыста. Енді Мәскеудегі әлем чемпионатында Ольганың орнына Ирина Эктова жарыс жолына шығады.

Естеріңізге сала кетер болсақ, жеңіл атлетикадан Мәскеуде болатын әлем чемпионаты 10-18 тамыз аралығында өтеді.

 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

сурет:www.ksu.kz

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Тұмаудан қалай сақтану керек?
Тұмаудан қалай сақтану керек?
Назарбаев университеті репетитор-студенттерге арналған қазақстандық жобаны қолдады
Назарбаев университеті репетитор-студенттерге арналған қазақстандық жобаны қолдады
2 мың жыл бұрын салынған мысықтың суреті табылды
2 мың жыл бұрын салынған мысықтың суреті табылды
2021 жылы оқушылар қашықтан оқи ма?
2021 жылы оқушылар қашықтан оқи ма?
Нұр-Сұлтанда футзалдан жаңа клуб құрылды
Нұр-Сұлтанда футзалдан жаңа клуб құрылды
ER-BATYR. Дәрігер Киреев коронавирустың екінші толқыны мен фармкомпаниялардың лоббиі туралы айтады
ER-BATYR. Дәрігер Киреев коронавирустың екінші толқыны мен фармкомпаниялардың лоббиі туралы айтады