"Шахтер" келесі кездесуін Астанада өткізетін болды

"Шахтер" келесі кездесуін Астанада өткізетін болды

U-Ground Ultras фанаттар бірлестігі ұйымдастырған "Шахтер" үйде ойнауы керек" атты акция аяғына дейін жетпей тоқтатылды. Олар басшылыққа "қарағандылық клуб келесі матчын өз алаңында өткізуі керек" деп талап қойған болатын.    

Айта кетейік, осыған дейін БАТЭ-ден басым түскен "Шахтер" клубы келесі мачтын Астанада өткізетіндігі жөнінде шешім қабылданған болатын. Оған себеп ретінде футбол басшылары "кеншілер" стадионының 1958 жылы салынғандығы және УЕФА чемпиондар Лигасы үшінші іріктеу матчын өткізу талаптарына сай келмейтіндігін айтып отыр.   

Сонымен қарағандылық "Шахтер" келесі іріктеу матчын "Скендербеуге" қарсы 30-шілде күні "Астана-Аренада" өткізбек. Ал қарымта ойын 6-тамызда Албания астанасы Тиранада болады.    

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vesti.kz

Б. Қосмағамбет