Еуропа лигасы. «Ертіс» еурокубокты аяқтады

Еуропа лигасы. «Ертіс» еурокубокты аяқтады

Павлодардың «Ертіс» командасы Еуропа лигасын екінші іріктеу кезеңінен  аяқтады. Алғашқы іріктеу кезеңінде болгарлық «Левскиді» жарыс жолынан шығарған керекулік клуб босниялық «Широки Бриег» командасын айналып өте алмады.

«Ертіс» өз алаңында Босния және Герцеговиналық команданы 3:2 есебімен ұтқан болатын. Алайда қарымта кездесуде Талғат Байсуфинов шәкірттері өз қақпасына екі бірдей доп өткізіп, нәтижесінде қос кездесу қорытындысы бойынша 4:3 есебімен жеңілген команда жарысты ерте аяқтады. Дегенмен, павлодарлық команда келешекте қорғанысын түзесе әлі талай жеңіске жететініне көз жеткізді.

Еурокубок жолындағы тартысты енді «Шахтер» мен «Ақтөбе» командалары жалғастырады. Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында «кеншілер» командасы албан чемпиондары «Скандербеумен» кездессе, Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Ақтөбе» исландиялық «Брейдавлик» командасымен кездеседі.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

сурет:kapital.kz

Ө. Сансызбай