"Ақтөбе" мен "Хедд" матч алдында өз құрамдарын жариялады

"Ақтөбе" мен "Хедд" матч алдында өз құрамдарын жариялады

Қазақстандық "Ақтөбе" мен норвегиялық "Хедд" клубтары Еуропа Лигасының екінші іріктеу сындары аясында өтетін жауапты кездесу алдында алаңға шығатын футболшыларының тізімін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Сонымен "Ақтөбе" сапында келесі футболшылар ойнайды: Сидельников, Мулдаров, Бадло, Примус, Кенжисариев, Логвиненко, Хайруллин, Ковальчук, Кападзе, Давыдов және Гейнрих. 

Ал норвегиялық "Хеддтің" құрамы мынадай: Лие, Мольту, Брандаль, Тернквист, Вибе, Хелланн, Магнуссен, Рекдаль, Эурснес, Стандаль.

Айта кетейік, Ақтөбеде өтетін қос команда арасындағы матч Астана уақытымен 22:00-де басталады. Қазақстан бойынша матчты "Қазақстан" ұлттық арнасы мен "Қазспорт" тікелей эфирден көрсетеді.

Естеріңізге салсақ, Норвегияда өткен бірінші кездесуде қазақстандық клуб 0:1 есебімен қарсыластарына жол берген болатын. Сондықтан келесі кезеңге өту үшін "Ақтөбеге" бүгінгі матчта кем дегенде екі доп соғу қажет. 

 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vk.com

Б. Қосмағамбет