Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Ақжүрек Таңатаров Германиядағы Гран-приде топ жарды

Ақжүрек Таңатаров Германиядағы Гран-приде топ жарды

Ақжүрек Таңатаров Германиядағы Гран-приде топ жарды

Еркін күрестен Қазақстан құрама командасы Алманияның Дортмунд қаласында өткен Гран-при турнирінде сәтті өнер көрсетіп қайтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Жарыстың чемпиондары болып үш бірдей қазақстандық палуан атанды. Сонымен оларды таныстыра кетейік. 60 келіге дейінгі салмақта Дәулет Ниязымбеков қарсылас шақ келтірмей, Қазақстан құрамасына алғашқы алтынды салды. Финалдық белдесуге дейін ол кілем қожайыны Тим Шляйзер мен Монғолия өкілі Дамдинбазар Тцогбаатарды жеңді. Ал шешуші кездесуде Ниязымбеков украиндық Микола Болотнюкті еш мүмкіндік бермей ұтып, Гран-при чемпионы атанды. 

74 келіге дейінгі салмақта жарысқа түскен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров өз салмағында фаворит ретінде өнер көрсеткен болатын. Алайда ол Ниязымбековке қарағанда бір белдесуді кем өткізді. Бір қызығы, Ақжүректің екі қарсыласы да біздің жерлестеріміз болды. Олар Цотне Барамидзе және Жігер Закиров. Соңғы аталған палуанды ол жартылай финалда сүріндірді. Ал финалдық белдесуде Ақжүрек Германия өкілі Андрея Щукуды жерге қаратып кетті. Бұл салмақтағы екі бірдей қола медаль да жерлестеріміз Жігер Закиров пен Нұрлан Бекжановқа бұйырды.

Ал еліміздің қоржынына түскен соңғы алтын алқаны аса ауыр салмақта (120 келіге дейін) Дәулет Шабанбай сыйлады. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы қатарынан жалғыз күміс Аслан Кахидзеге (84 келіге дейін) бұйырды. Одан басқа Дамир Төлеукенов (60 келіге дейін), Дмитрий Попов пен Асхат Кусеповтар (екеуі де 120 келіге дейін) қола медаль олжалады.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vesti.kz

Қосылған күні: 25 шілде 2013, 18:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.