Робин ван Перси жарақат алды

Робин ван Перси жарақат алды

Ағылшындық «Манчестер Юнайтед» командасының шабуылшысы Робин Ван Перси жапондық «Йокогама Маринос» командасымен болған жолдастық кездесуде жарақат алды.

Голландиялық аяқдоп шебері кездесудің алғашқы таймы аяқталысымен ойынды жалғастыра алмайтынын мәлімдеген. Әзірге футболшының команда сапына қашан оралатыны белгісіз күйде қалып отыр.

Алекс Фергюсоннан кейін «қызыл сойқандар» тізгінін ұстаған Дэвид Мойес командамен бірге екі жолдастық кездесу өткізіп үлгерді. Алғашқысын жеңіспен бастағанмен, екінші кездесуде «Йокогама Мариностан» 2:3 есебімен жеңіліс тапты. Сонымен қатар, Робин ван Персидің орнына шығарған Данни Уэлбек те аздап жарақат алып қалған көрінеді. Дәрігерлердің айтуы бойынша, 26 шілде күні «Сересо Осака» командасымен болатын жолдастық кездесуге қос шабуылшы да шыға алмайды.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: footballhd.ru

Ө. Сансызбай