"Шахтер" мен БАТЭ чемпиондар Лигасы матчы алдында құрамдарын таныстырды

"Шахтер" мен БАТЭ чемпиондар Лигасы матчы алдында құрамдарын таныстырды

Қарағандылық "Шахтер" клубының бас бапкері Виктор Кумыков чемпиондар Лигасының іріктеу матчы аясындағы борисовтік БАТЭ клубына қарсы қарымта матчы алдында өз командасының құрамын таныстырды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Сонымен "Шахтер" сапында қақпа торын Мокин қорғайтын болады. Сондай-ақ бірінші минуттан бастап алаңға Васильевич, Порываев, Джидич, Малый, Симчевич, Вичюс, Казарян, Каньяс, Финонченко және Хижниченко шығатын болады. 

Өз кезегінде БАТЭ бас бапкері  Виктор Гончаренко келесідей құрамды шығаруды жоспарлап отыр: Горбунов (қақпашы), Радьков, Бордачев, Филипенко, Поляков, Лихтарович (капитан), Володько, Алексиевич, Кривец, Глеб, Родионов. 

Айта кету керек, бірінші ойынмен салыстырғанда беларустік команданың құрамында алты бірдей өзгеріс орын алып отыр. Ал "Шахтерда" тек бір ғана футболшы өзгерген. 

Естеріңізге салсақ, екі команда арасындағы кездесу Қарағанды қаласының "Шахтер" стадионында бүгін Астана уақытымен сағат 19:30-да басталады. Матчты тікелей эфирден "Қазақстан" және "KazSport" арналары көрсетуді жоспарлап отыр. 

Ал 16-шілдеде Беларусте өткен бірінші кездесуде 1:0 есебімен қарағандылық клуб жеңіске жеткен болатын. Голдың авторы Сергей Хижниченко.  

Бұл матч жөніндегі толық ақпараттарды туиттердегі #ШахтерБАТЭ хэштегінен де оқи аласыз.  



Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: eurosport.ru

Б. Қосмағамбет