Итальяндық мотожарысшы Мәскеудегі супербайкте көз жұмды (видео)

Итальяндық мотожарысшы Мәскеудегі супербайкте көз жұмды (видео)

Итальяндық мотожарысшы Андреа Антонелли Мәскеу облысында супербайктен өткен әлем біріншілігінде орын алған апат кезінде ауыр жарақат алып, сол күйі тілге келмей жан тапсырды, деп хабарлайды Life News.   

Басылымның хабарлауынша, жарыстың бірінші айналымында 25 жасар итальяндық спортшы ылғалды трасса кесірінен құлап, ол аздай ол артқы жағынан жоғары жылдамдықпен келген байк дөңгелектерінің астына түсіп қалған. Кейін белгілі болғандай, Антонелли бас сүйегінен алған ауыр жарақатының салдарынан көз жұмған екен.

Мамандар болған жағдайға ауа-райының жаңбырлы болғанының кесірі тигенін айтып отыр. Алайда жарысты ұйымдастырушы жақ рұқсатты осы шараға жауап беруші Dorna Sports бас промоутерлік компаниясынан алғанын айтып ақталуда.

Қайғылы оқиға орын алысымен жарыс бірден тоқтатылды. Қазіргі кезде РФ тергеу комитеті орын алған апат бойынша тексеру жұмыстарына кірісіп кетті.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: autonews.ru

Б. Қосмағамбет