Хосеп Гвардиоланың алғашқы жүлдесі (видео)

Хосеп Гвардиоланың алғашқы жүлдесі (видео)

2012/2013 жылғы чемпиондар лигасының және бундеслиганың жеңімпазы мюнхендік "Бавария" жолдастық кездесу ретінде ұйымдастырылған "Telekom Cup 2013" турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл команда тізгінін жаңадан ұстаған испандық маман Хосеп Гвардиоланың неміс клубымен бірге қол жеткізген алғашқы жүлдесі. Естеріңізде болса, Хосеп бапкер мюнхендік ұжымды басқаруды маусым айының соңынан қолға алған болатын.

"Telekom Cup 2013" финалында "Бавария" "Боруссия М" командасымен кездесті. Жарыс ережесіне сай әр тайм 30 минуттан тұрды. Алайда мюнхендік футболшыларға осы уақыт жеткілікті болғандай. Хосеп Гвардиола шәкірттері қарсыластарын 5:1 есебімен ойсырата жеңді. Команда сапынан Франк Рибери, Филипп Лам, Арьен Роббен, Томас Мюллер және жақында ғана клуб жейдесін киген Тиаго Алькантара еншілеріне бір-бір доптан жазды. Ал "Боруссия М" сапынан жалғыз голды ойынның 30 минутында 11 метрлік айып добынан Люк де Йонг салды.

"Telekom Cup 2013" жолдастық кездесулер турнирінің үшінші орнына таласқан дортмундтық "Боруссия" "Гамбургты" жеңді. Ойындағы жеңіс голын салған Йонас Хофман.

Неміс бундеслигасы 27 шілде күні ел суперкубогын сарапқа салу ойынымен бастау алады. Чемпиондар лигасының финалында кездескен "Бавария" мен "Боруссия Д" тағы да өз арасындағы мықтыны анықтап көрмек.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

сурет: vk.com

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

ІІ тоқсаннан бастап 300-ге дейін оқушысы бар мектептер дәстүрлі форматқа ауысады
ІІ тоқсаннан бастап 300-ге дейін оқушысы бар мектептер дәстүрлі форматқа ауысады
Қазақстандағы оркестр түрлері
Қазақстандағы оркестр түрлері
АҚШ-та дәмі табиғи балға ұқсас жасанды бал шығарылды
АҚШ-та дәмі табиғи балға ұқсас жасанды бал шығарылды
"Алматы марафонының" жаңа жүгірісі – "Жарыс қаһарманы"
"Алматы марафонының" жаңа жүгірісі – "Жарыс қаһарманы"
Шұжықтың адам денсаулығына зияны айтылды
Шұжықтың адам денсаулығына зияны айтылды
Қазақстанда жиі кездесетін интернет-алаяқтық түрлері
Қазақстанда жиі кездесетін интернет-алаяқтық түрлері