Кәрі құрлықтың жеребесі тартылды

Кәрі құрлықтың жеребесі тартылды

Швейцарияның Ньон қаласында Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының  үшінші кезең ойындарының жеребесі тартылды. Еурокубок жолында еліміздің намысын қорғап келе жатқан командаларымыз екінші іріктеу кезеңінің алғашқы кездесулерін өткізіп үлгерген болатын. Енді қарымта кездесулер бар. Сонымен қос кездесу қорытындысы бойынша еліміздің футбол ұжымдары жеңіске жетіп жатса, үшінші кезеңде қарсылас атанатын жұп командалары анықтады.

Чемпиондар лигасын екінші іріктеу кезеңінен бастаған қарағандылық “Шахтер” командасы алғашқы кездесуін сенсацияға айналдырған-ды. Еуропа аренасында ерекше ойынымен көзге түсіп жүрген “Батэны” жеңген болатын. Алайда қарымта кездесу бар. Виктор Кумыков шәкірттері беларустық команданы айналып өткен жағдайда, “кеншілер” командасының қарсыласы "Нефтчи" (Баку, Әзірбайжан) - "Скендербеу" (Корча, Албания) футбол клубтарының жеңімпазы болмақ. Қос команда арасындағы алғашқы кездесуде есеп ашылмаған болатын. Ал “Шахтер” мен “Батэ” командалары 23 шілде күні Қарағандыда қарымта кездесуді өткізеді.

Кеше ғана Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінің алғашқы кездесулерін аяқтаған еліміздің қос клубының да үшінші кезеңдегі қарсылас атанатын жұптары белгілі болды. Естеріңізде болса кеше “Ертіс” өз алаңында босниялық “Широки Бриегті” жеңсе, “Ақтөбе” сырт алаңда “Хеддке” есе жіберген-ді. Енді 25 шілде күні қарымта кездесуде жеңіске жетіп жатса, керекулік команданың үшінші кезеңдегі қарсыласы Италияның белгілі “Удинезе” клубы болмақ. Ал “Ақтөбе” үшінші кезеңге аяқ басса, команданың қарсыласы “Брейдаблик” (Исландия) — “Штурм” (Австрия) жұптарының жеңімпазы болмақ. Екі команда арасындағы алғашқы ойында есеп ашылмаған. Жерлестерімізге қарымта кездесуде сәттілік тілейміз!

суреттер: ru.uefa.com

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Жер бетінен аралар жойылып кетсе не болады?
Жер бетінен аралар жойылып кетсе не болады?
Ұлттық құрама капитаны кәсіпқой боксқа ауысты
Ұлттық құрама капитаны кәсіпқой боксқа ауысты
10 тамыз Абай күні болып бекітілді
10 тамыз Абай күні болып бекітілді
БҰҰ: 50 жылдан кейін жануар мен өсімдіктің 1 млн түрі жойылып кетуі мүмкін
БҰҰ: 50 жылдан кейін жануар мен өсімдіктің 1 млн түрі жойылып кетуі мүмкін