Футбол жаңалықтары

Футбол жаңалықтары

Футбол жаңалықтары төменде:

Дрогба Кот-д'Ивуарда аурухана салғызбақ 


"Галатасарайдың" шабуылшысы Дидье Дрогба өзі туып-өскен өлкеде, Кот-д'Ивуарда аурухана салғызбақшы.

Ивуарлық ойыншының қоры аталған жоба аясында 2,9 миллион еуроны ортаға салмақ, деп хабарлайды Eurosport.fr. Құрылыс төрт қалада басталады - Ямусукро, Абиджан, Сан-Педро және Корого.

Бір айта кетерлігі, Абиджандағы құрылыс жұмысы басталып та кеткен. Ендігі таңда 6-8 айға созылмақ.

Қайта оралатын ойыншы


London Evening Standard басылымы таратуда, «Арсеналдың» жаттықтырушысы Арсен Венгер Сеск Фабрегасты қайта алдыруға ерекше ниетті көрінеді. 

Бұл туралы "канонирлердің" жаттықтырушысы мәлім етіп, Сеск төңірегінде болып жатқан таластың бәрін қадағалап отырғанын жеткізген. 

Ұзынқұлақтың сөзіне сенсек, Сеск жуық аралықта каталондық клубпен қош айтыспақ екен. 

Қысқасы, Венгер ішкі есепті іске қосуда. 

"Ливерпульдің" жаңа маусымға дайындығы


Ағылшындардың "Ливерпулі" 17 тамызда басталатын жаңа маусымға дайындық ойындарының тізімін жаңартты. 

20 шілде күні Англияның 18 дүркін ел чемпиондары Джакарте қаласында Индонезия ұлттық құрамасымен кездесу өткізетін болады. Араға төрт күнді салып барып, Аустралия өлкесіне табан тірейді. "Мельбурн Виктори" командасына қарсы жолығыспақ. Ал 28 шілде күні мерсисайдтықтар Бангкокта Тайланд чемпионатының бірікке құрамына қарсы ойын өткізіп, сосын Азия құрлығынан тастап, ұшып кетпек.

3 тамызда "Энфилд" стадионында команда капитаны Стивен Джеррардтың құрметіне орай "Ливерпуль"  гректің "Олимпиакосын" қарсы алады. Сосын, төрт күннен соң Ослода норвегиялық  "Волеренгаға" қарсы ойнап, 10 тамызда Дублин төрінде "Селтикпен" достастық кездесу өткізбек. Осылай, маусым алдындағы дайындықтары аяқталады.

Ескерте кететіні, ағылшын біріншілігің бірінші турын 17 тамыз күні сағат 17:45-те "Ливерпуль" мен "Стоук Сити" арасындағы ойын ашады.

Йоветич  «Фиорентинамен» қош айтысты


Черногория ұлттық құрамасының ойыншысы Стеван Йоветич «Фиорентина» сапынан ағылшындық «Манчестер Ситиге» ауысты, деп хабарлайды италияндық клубтың ресми сайты. 

23 жастағы Йоветичтің трансферлік ауысым құны 28 миллион еуроға бағаланған. Аталған ойыншы 2008 жылы белградтық Партизаннан» «Фиорентинаға»  ауысыпты. 

Өткен мауысмда чернагориялық талант Италия біріншілігінде 31 ойын өткізіп, 13 гол соққан екен. 

Касильясқа негізгі құрам бұйырды

Испания  құрамасы мен мадридтік "Реалдың" қақпашысы Икер Касильяс 2013/2014- маусымда "королдік клубтың" негізгі құрамына қайта ілігіп, капитандық табысталатын болады.

18 шілдеде Касильяс демалыстан келіп, «Реалдың» жаңа  бас бапкері  Карло Анчелоттимен клуб базасында кездесіпті. Италияндық білікті маман 32 жастағы бағана күзетшісіне сенім білдіріп, капитандықтың қайта табысталатыны турасында айта кеткен, дейді Marca.

Естеріңізде болса, өткен маусымда Жозе Моуриньо жарақытына байланысты Касильясты алаңға шығармай, сол аралықта капитандық міндетті қорғаушы Серхио Рамос табыстап келген-ді.

Түріктер кәрі құрлыққа қайта оралды


Түріктің «Фенербахчесі» Чемпиондар Лигасының 2013/2014-маусымында өнер көрсетуге рұқсат алды, деп аталған клубты ресми сайта ақпар таратуда. 

2011 жылы «Фенербахче» клубы келісілген ойындар  төңірегінде дау-жанжалға қалған болатын. Сосын, спорттық төрелік қазысы аталған команданың Чемпиондар Лигасында ойнауына рұқсат бермей, «Бешикташты» Еуропа Лигасынан аластатып тастаған еді.

«Фенербахче» қайтара шағым түсіріп, төрелікті бастапқы райынан қайтара алыпты.  

"Челси" Руниді алмаса...


The Guardian таратуынша, лондондық "Челси" футбол клубы "Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Уэйн Руниді иеленуде күнілгері қадамдарға бармақ.

Жақын күндері 27 жастағы ағылшын ойыншысы үшін 10 миллион фунт пен бір ойыншысын беретіндіктері жөнінде сыбыс тараған тұғын. Артынша "Челси" басшылығы "МЮ"-ге Рунидің ауысымына ресми ұсыныс тастағанын, алайда, бір ойыншысын беру турасында артық ауыз сөз бомағандығын мәлім етіпті.

БАҚ-тың сөзіне сенсек, "ақсүйектердің" 20 миллион фунттық бірінші ұсынысы "қызыл сойқандар" тарапынан кері қайтарылған. Енді лондондық басшылық ұсынысты жақсарта түсу орайымен трансферді 25 миллион фунтқа көтермек. 

Айтылып жүргендей, Англияға қайта оралған және аталған клубтың тізгінін ұстаған Жозе Моуринью осы бір ойыншыға ерекше ықылас білдіріп, алдырғысы келген сыңайлы. 

Рунидің  "Юнайтед" сапындағы жағдайы да мәз емес, "Қызыл сойқандардың" жаңа бас бапкері Дэвид Мойес соңғы екі сөзінде Робин ван Персидің көлеңкесінде жүретінін және жаңа келісімшарттың орын алмайтыны турасында құлаққағыс еткен. 

Руни артынша команда ауыстыруға тілек білдірген. Осы тұста тағы да бір лондондық клуб - "Арсенал" да қызу таластың ортасына енбек. "Канонирлердің" бас бапкері Арсен Венгер лебіз білдірген.

Сонымен қатар, ағылшын футболшысына ПСЖ, "Монако", "Барселона" секілді алпауыт клубтар қызығушылық танытып келуде.

 Ибра "Реалға" қажет пе?


Златан Ибрагимовичтің ("Пари Сен-Жерменнің" шабуылшысы) агенті Мино Райола мадридтік "Реалмен" кездесіп қайтқан.  Бұл туралы Marca хабарлайды. 

Райола Мадрид өлкесіне арнайы ат басын бұрып, "королдік клубқа" тілек-ниеттерін жеткізген. Швед ойыншысы Эдинсон Кавани келген күннен бастап, париждік клубты тастап кетуге ниетті болып жүр. Айта отырсақ, уругвайлық шабуылшы 16 шілде күні ресми таныстырылған-ды. 

"Реалдың" жаңа жаттықтырушысы Карло Анчелотти (Парижден Мадридтке қоныс аударған бапкер) Франция біріншілігінің ең мерген шабуылшысын алдыруға ниетті емес екенін жеткізген. Сонымен бірге италияндық білікті маман Ибрагимовичті мықты ойыншы санайтынын, бірақ та ішкі есебіне қайшы келетінін қоса кеткен.

Анчелотти  "королдік клубты" қайта жасақтап, Карим Бензема, Альваро Мората мен Хес Родригестерге сенім артуда.

Бұрынырақта хабарланғандай, Ибрагимович Мадридке ауысуға қатты тілек білдіріп келуде. Және төмен жалақыға да келісетіндігі айтылған болатын. Нақ қазіргі уақытта, швед сұрмергені жылына 14-15 миллион табыс табатындардың қатарында.

Естеріңізде болса, Ибрагимович "ПСЖ" командасына 2012/13-маусымның басында ауысып барған-ды. Сосын, Франция ішкі біріншілігінде ел чемпионы атанып, 30 доппен "ең үздік сұрмергендердің" көшін бастап келген-ді.

Қоса кетсек, швед ойыншысы футболдағы 12 жылында жеті клуб сапына өнер көрсетіп үлгерген:  "Мальма", "Аякс", "Ювентус", "Интер", "Барселона" және "Милан".

Маркиньос Парижге бағыт алды

«Романың» 19 жасар тас қамал қорғаушысы Маркиньос «ПСЖ»-ға ауысудың аз-ақ алдында тұр. Football Italia хабарлайды. 

Бұл туралы аталған ойыншының інісі айтқан. 

Інісінің сөзіне сенсек, екі жақ түні бойы ортақ келісімге келе алмай, ақыр аяғында француз клубы жеңіп шығыпты-мыс. 

"Милан" мен Робиньо. Жаңа келісім


"Миланның" шабуылшысы Робиньо италияндық клубпен жаңа келісімге қол қойды. 

Жаңа келісім 2016 жылдың 30 маусымынан дейін, деп хабар таратуда «Миланның» ресми сайты.

Футболшы соңғы сәтке дейін «Сантосқа» қайта оралады деп айтылып келсе де, соған қарамастан, бразилиялық клуб қалтасы көтермейтінін айтып, арадағы келісім күшін жойыпты.  

"Реалдың" бұрынғы ойыншысы "Милан" сапына 2010 жылы ауысып барып, содан бері 85 ойын өткізіп, 22 гол соққан. А сериясында жүріп 2010/11-маусымының ел чемпиондығына қол жеткізді. Бразилия ұлтты құрамасында 90 ойын өткізген. 

Сонымен бірге, Робиньо «Миланда» жүріп, Чемпиондар Лигасында 18 кездесу өткізіп, 3 рет көзге түскен. Жаңа маусымнан бастап «россонерилер» кәрі құрлықтың ең ірі додасына қатысатын болады. 

Қайырымды ойыншы қайта оралды


Аргентиналық аты аңыз ойыншы Хуан Себастьян Верон ресми түрде футболға қайта оралып, "Эстудиантес" клубымен бір жылдық келісім жасасты.

Аргентина ойыншысы жарақатына байланысты 2012 жылы футболмен қош айтысқан болатын, алайда, көп ұзамай жаттығуға қайта кірісіп, команда сапына қайта оралған екен. Ендігі таңда толыққанды ойыншысы саналуда.

Верон "Эстудиантес" сапында бұрынғыша 11 нөмірлі жейдемен өнер көрсетуін жалғастыра бермек.

Бір айта кетерлігі, әйгілі футбол жұлдызы тапқан табысының бәрін төменгі дивизионда өнер көрсететін клубтарға аудармақ. 

"Барса" көз тіккен жас талант


Испанияның болашақ жұлдызына баланып жүрген "Атлетиконың" жас ойыншысы Оливер Торрес "Барселона" қызыққан көп ойыншылардың қатарында.

Каталондықтардан өзге де, 18 жастағы ойыншыға ағылшын алпауыты "Манчестер Сити" де көз тігіп келе жатқан көрінеді.

Өткен маусымда Торрес испан біріншілігінде 8 ойынға шығып үлгерген.

сурет:prosto-sport.com; ojde.biz; kapital.kz; www.telegraph.co.uk

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига