Тайсон Гэй Мәскеудегі әлем біріншілігіне қатыса алмайтын болды

Тайсон Гэй Мәскеудегі әлем біріншілігіне қатыса алмайтын болды

Американдық спринтер, 100 метр қашықтыққа жүгіруден 2007 жылғы әлем чемпионы жеңіл атлетикадан Мәскеуде өтетін әлем біріншілігіне қатыса алмайтын болды, деп хабарлайды "Р-Спорт".   

Бұл туралы спортшы допингтік тексерістің оң нәтиже бергендігін мәлімдегеннен кейін белгілі болып отыр. Гэйдің сөзінше, Американдық антидопингтік (USADA) агенттік оны жарыстар өткізілмеген мамыр айындағы тексерістің А үлгісі спортшының қанында тыйым салынған дәрінің бар екендігін хабардар еткен,. 

Әлемдегі ең жылдам адамдардың бірінен саналатын Гэй дәл қандай дәріні қолданғандығын айтқан жоқ. Жеңіл атлет алда әлі В үлгісінің қорытындысын күтетіндігін де айта кетті. 

Біраз уақыттан бері жарақаты салдарынан жүгіре алмаған Гэй осы жылдың маусым айында АҚШ біріншілігінде 100 және 200 метр қашықтықта топ жарған болатын.

Ал осыдан сәл уақыт бұрын Ямайканың ең танымал жеңіл атлеті Вероника Кэмпбелл Броун да допингтік дауға тап болған еді. 

Естеріңізге салсақ, жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты 10-18 тамыз аралығында Мәскеуде өтеді.   


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: peoples.ru

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Созылмалы обструкциялы өкпе ауруы
Созылмалы обструкциялы өкпе ауруы
Тыныштықбек Әбдікәкімұлының карантин туралы өлеңдері
Тыныштықбек Әбдікәкімұлының карантин туралы өлеңдері
Мэрилин Монроның бет орамалы театрды сақтап қалды
Мэрилин Монроның бет орамалы театрды сақтап қалды
Chevrolet Tracker – қала динамикасы
Chevrolet Tracker – қала динамикасы
Тоқаев үндеуінің толық мәтіні
Тоқаев үндеуінің толық мәтіні
Қазақстанда 13 шілде Ұлттық аза күні болып жарияланды
Қазақстанда 13 шілде Ұлттық аза күні болып жарияланды