Дмитрий Карпов онсайыс бойынша Азия чемпионы атанды

Дмитрий Карпов онсайыс бойынша Азия чемпионы атанды

Афины Олимпиадасының қола жүлдегері, онсайысшы Дмитрий Карпов Азия біріншілігінде топ жарып, алтыннан алқа тағынды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Жарыс қорытындысы бойынша ол 8037 ұпайға ие болып, құрлық рекордын жаңартты. Екінші орын жапон Накамуре Акихикоға бұйырса, қола медальге өзбекстандық Леонид Андреев ие болды. Қазіргі кезде Қазақстан құрамасының қоржынында әзірге үш медаль бар. 

Анастасия Сопрунова жүз метрге кедергілермен жүгіруден күміс алды. Ол мәреге таяғанда жапондық Аяко Кимуреге жол беріп қойды. 

Қола жүлделерге кім ие болды дегенге келсек, оларды үш аттап секіру сайысында Ирина Эктова мен биіктікке секірген Марина Аитова еншіледі. Аитоваға чемпион атану үшін екі сантиметр жетпей қалды. Осылайша жерлесіміз алтын мен күмісті өзбекстандық Светлана Радзивил мен Надя Дусановаға беріп қойды. Аитованың көрсеткен үздік нәтижесі 1,88 сантиметр болды. 

Айта кетейік, Үндістанның Пун қаласында өтіп жатқан құрлық чемпионатында еліміздің барлық үздік спортшылары қатысып жатқан жоқ. Қазіргі кезде олардың көпшілігі Ресейдің Қазан қаласында өтіп жатқан Универсиадада өнер көрсетіп жатыр. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zimbio.com

Б. Қосмағамбет