ФИФА рейтингі. Төрт орын төмен сырғыдық

ФИФА рейтингі. Төрт орын төмен сырғыдық

Сәрсенбі күні ФИФА ұлттық құрамалардың рейтингін жариялады. Көш басында келе жатқан Испания мен Германия ұлттық құрамалары өз орнын сақтап қалса, Колумбия аяқдопшылары 4 саты жоғарылап, алғашқы үштікке енді. Конфедерация кубогын жеңіп алған бразилиялықтар 13 саты жоғарыласа, Орталық Африка Республикасы 30 сатыға төмендеп, 89-орынға бір-ақ сырғыды. Бұл рейтингтің үздік көрсеткішін Сенегал құрамасы көрсетіп отыр. Олар бірден 30 саты жоғарылап, 74-ші орынға табан тіреген.  Сонымен қатар Армения, Бельгия, Австрия, Кабо-Верде, Шотландия, Гвинея, Мальта ұлттық құрамаларының жағдайы жоғары көрсеткішке көтерілген. Ал Қазақстан ұлттық құрамасы болса, рейтингте төрт саты төмен сырғып, 150-орынға жайғасты. Естеріңізде болса, өткен айда ұлттық құрамамыз 146-орыннан көрінген болатын. 

Алғашқы ондыққан енген ұлттық құрамалар тізімі:

1. Испания — 1532 ұпай
2. Германия — 1273 ұпай
3. Колумбия — 1206 ұпай
4. Аргентина — 1204 ұпай
5. Нидерланды — 1180 ұпай
6. Италия — 1142 ұпай
7. Португалия — 1099 ұпай
8. Хорватия — 1098 ұпай
9. Бразилия — 1095 ұпай
10. Бельгия — 1079 ұпай

сурет:nashfootball.kz 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Ө. Сансызбай