Осы уақыттың ең танымал спортшысы кім?

Осы уақыттың ең танымал спортшысы кім?

Forbes журналы осы уақыттың ең танымал тұлғаларының тізімін жасап шығарды. Аталған рейтингтің бірінші орны осымен бесінші ретін бастап отырған америкалық тележүргізуші Опра Уинфриге бұйырды. 

Спортшылар арасында бірінші орынды швейцарлық теннисші Роджер Федерер иеленген (тізімнің 8-сатысында). Оның соңғы жылдардағы табысы $71 миллионды құраған. 

Тізімнің 15-сатысына гольфшы Тайгер Вудс орналасса ($78 миллион), «Майами Хит» сапында NBA чемпионы атанған Леброн Джеймс 16-сатыға жайғасыпты ($60 млн).

Жұлдызды әке Дэвид Бекхэм $47 млн. табысымен тізімнің 19-сатысында тұр. Баскетболшы Коби Брайант $62 миллионымен 24-орында. 

«Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналдуға ($44 млн) 31-орын бұйырған болса, Аргентина құрамасы мен "Барселона" командасының ойыншысы Месси ($41 млн) 39-орында тұрақтапты. 

Осы уақыттың ең танымал тұлғалар жүздігіне енген спортшылар:

8. Роджер Федерер ( теннис, жылдық табысы - $71 млн)

15. Тайгер Вудс (гольф, $78 млн)

16. Леброн Джеймс (баскетбол, $60 млн)

19. Дэвид Бекхэм (футбол, $47 млн)

24. Коби Брайант (баскетбол, $62 мл)

31. Криштиану Роналду (футбол, $44 млн)

39. Леонель Месси (футбол, $41 млн)

48. Усейн Болт (жеңіл атлетика, $24 млн)

50. Дрю Бриис (американдық футбол, $51 млн)

51. Рафаэль Надаль (теннис, $26 млн)

52. Фил Микелсон (гольф, $49 млн) 

56. Серена Уильямс (теннис, $20 млн)

62. Мария Шарапова (теннис, $29 млн)

65. Том Бреди (американдық футбол, $38 млн)

78. Мэнни Пакиао (бокс, $34 млн)

88. Флойд Мэйвезер (бокс, $34 млн)

91. Данника Патрик (автоспорт, $15 млн).

сурет:sport.news.am

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига