GGG мен Маклин кездесуіне арналған баспасөз мәслихаты өтті (видео)

GGG мен Маклин кездесуіне арналған баспасөз мәслихаты өтті (видео)

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында орта салмақтағы WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен британдық үміткер Мэттью Маклин арасында өтетін кездесуге орай соңғы баспасөз мәслихаты болып өтті. Жиын барасында екі жақтың промоутерлерімен қатар бапкерлері де сөз алды. Қос боксшының командасы да кездесу аса тартысты болатынына сендіріп бақты. Кеш соңында Гена мен Маклин арасында боксшылардың дәстүрлі көз атыстыру рәсімі орын алды.   

Айта кетейік, бұл кездесуді HBO телеарнасында әлемдік бокстағы ең мықты спортшылардың бірі, 29 жасар американдық Андре Уорд жүргізбек. Кездесу 30-маусым күні болады. Уорд үшін бұл Головкиннің қатысуымен жүргізгелі отырған екінші жекпе-жегі. Осыған дейін ол қаңтар айында Гена мен американдық Габриэль Росадоның арасындағы кездесуге құрметті қонақ ретінде қатысып, тікелей эфир барысында өзінің тәуелсіз ойларымен бөліскен еді.  

Естеріңізге салсақ, Головкин мен Маклин арасындағы кездесу 30-маусым күні Машантукеттегі (Коннектикут штаты, АҚШ) Foxwoods Resort Casino аренада Астана уақытымен сағат 09:00-де басталады. Жекпе-жек HBO арнасындағы Boxing After Dark сериясы аясында өтетін кештің басты оқиғасы атанбақ. Ал еліміздің бокссүйер көрермендері үшін "Қазақстан" ұлттық арнасы аталған кездесуді тікелей эфирден көрсетуді жоспарлап отыр. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: BoxingScene.com

Б. Қосмағамбет