Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Кличко мен Поветкин командалары кездесу жөніндегі мәселені шешті

Кличко мен Поветкин командалары кездесу жөніндегі мәселені шешті

Кличко мен Поветкин командалары кездесу жөніндегі мәселені шешті

Украиналық Виталий Кличко мен ресейлік Александр Поветкин командаларының арасындағы аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін болатын кездесу жөніндегі келіспеушіліктің түйіні шешілді.

Енді бар мәселе Бүкіләлемдік бокс ассоциясының (WBA) екіжақты жасалған келісім-шартқа, яғни жекпе-жекке рұқсат беретін шешіміне байланысты болмақ. 

"Бірнеше аптаға созылған келісім нәтижесінде біз ақыры ортақ шешімге келдік",-дейді "Спорт-Экспресс" газетіне берген сұхбатында Кличко менеджері Бернд Бенте: "Рябинский мен Хрюнов командалары бірнеше күнге созылған екіжақты келісімге ақыры соңғы нүкте қойды. Енді жасалған келісім-шартты WBA мақұлдаса, бар мәселе толықтай шешіледі".

Сондай-ақ менеджер Бенте WBA осыған байланысты оң шешім қабылдайтынына да сенім білдірді. Ал егер бұл іс ұзаққа созылып немесе WBA келісім бермей жатса, онда Кличко командасы шамамен қырқүйек айында басқа бір қарсыласпен кездесу өткізетін болады.  

"Бір айта кететіні, жасалған келісім екі жақты да қанағаттандырады. Сондықтан WBA ешқандай қарсылық білдірмеуі тиіс. Егер біз жасаған қазіргі келісімдегі тұстар мұқият қаралып, оған қол қойылатын болса, онда кездесу 5-қазан күні Мәскеу қаласында өтетін болады",-деп мәлімдеді Бенте. 

Айта кетейік, Поветкиннің менеджері Владимир Хрюнов осыдан екі апта бұрын екі жақ келісімге келгенін айтып үлгерген болатын. 

Ал осыған дейін командалар арасында құжаттағы үш пунктке байланысты дау болған еді. Олар - допингтік бақылау, кездесуге бақылау жасайтын бокс ұйымы және бинт ұзындығы болатын.  


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: prosport-ru.tsn.ua

595 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 22 маусым 2013, 20:21
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...