Қазақстандықтар Головкин мен Маклин арасындағы кездесуді тікелей эфирден тамашалайды

Қазақстандықтар Головкин мен Маклин арасындағы кездесуді тікелей эфирден тамашалайды

Қазақстандықтар орта салмақтағы WBA/IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен британдық Мэттью Маклин арасында екі чемпиондық белбеу үшін өтетін кездесуді тікелей эфирден көретін болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Жекпе-жек 29-маусым күні Машантукеттегі (АҚШ, Коннектикут штаты) Foxwoods Resort Casino аренада өтіп, еліміздің "Қазақстан" телеарнасы арқылы 30-маусым күні Астана уақытымен таңғы сағат 09:00-де тікелей эфирден таратылатын болады. 

Кездесуді жіберіп алған көрермендерге оның жазбаша нұсқасын "Астана" телеарнасынан 1-шілде күні Астана уақытымен кешкі 22:00-де тамашалауға мүмкіндік бар. 

Айта кетейік, қазақстандық боксшы үшін бұл кездесу биылғы жылы өткізген үшіншісі және WBA белбеуін қорғаудағы сегізіншісі саналады. Ал британдық болса өзінің соңғы жекпе-жегін 2012 жылдың 15-қыркүйегінде өткізіп, бірінші раундта-ақ гаитилік Джоашим Альсинді нокаутқа жіберген болатын. Одан сәл уақыт бұрын Маклин екі рет рингке шығып, екеуінде де жеңіліске ұшыраған еді. Алғашқысы неміс Феликс Штурмнан болса, екіншісі аргентиналық Серхио Габриэль Мартинес. 

Естеріңізге салсақ, Головкин мен Маклин арасындағы жекпе-жек HBO бокс телеарнасындағы Boxing After Dark сериясы аясында болатын кештің басты оқиғасы болмақ. 


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: aladop.kz

Б. Қосмағамбет