Ван Персидің есімі Англияда ең көп сатылымда

Ла Лига Корреспондент
Ван Персидің есімі Англияда ең көп сатылымда

Mirror басылымының хабарлауынша, Нидерланды мен «Манчестер Юнайтед» командасының 29 жастағы шабуылшысы Робин ван Персидің есімі түскен жейделер Англияда ең көп сатылымға ие тауарлар қатарында.  

БӨЛІСУ

Ал футболшы АПЛ-дың ең танымал ойыншысы өзі болғандығына қарамастан, атын шығаруда қарапайымдылық танытып келеді:

«Біздер, Нидерландының ұлттық құрамасы Азияда жаттығу апталығын өткіздік. Қытайда өзімнің соншалықты танымал екендігімді білмеппін. Қытай мен Тайланд, Малайзия секілді елдердің әр тараптағы алпауыт компанияларынан ұсыныстар да келіп түсіп жатты. 

Көрме ойындарында өнер көрсетуім үшін қыруар қаржылар ұсынылғанын мойындағым келеді. Алайда, мен үшін басты орында ақша емес, күш-қуатым маңызды. Ендігі жылы Бразилияда өтетін әлем чемпионатын есепке ала отырып, алда ауыр маусымның күтіп тұрғанын білемін. Сол үшін де, кез келген сәтті мүмкіндікте жақсылап демалып, тынығуым қажет-ақ" - дейді. 

Англияда ең көп сатылымға ие он жейде:

1. Ван Перси («Манчестер Юнайтед») - 25,4%

2. Джеррард («Ливерпуль») - 8,2%

3. Руни («Манчестер Юнайтед») - 6%

4. Кагава («Манчестер Юнайтед») - 5,8%

5. Суарес («Ливерпуль») - 3,6%

6. Азар («Челси») - 3,1%

7. Скоулз («Манчестер Юнайтед») - 2,7%

8. Торрес («Челси») - 2,5%

9. Агуэро («Манчестер Сити») - 2,2%

10. Подольски («Арсенал») - 2,1%

Cурет: sport.news.am

Дайындаған: Фараби Арыстанбек