Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Головкин Мартинеспен 2014 жылы жұдырықтасатын болды

Головкин Мартинеспен 2014 жылы жұдырықтасатын болды

Головкин Мартинеспен 2014 жылы жұдырықтасатын болды

Британдық Мэттью Маклинге қарсы кездесуге дайындығын аяқтап келе жатқан орта салмақтағы WBA/IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин алда болатын кездесу мен келер 2014 жылға арналған жоспарларымен бөлісті.  

Vringe.com сайтына берген сұхбатында чемпион былай деп мәлімдеді: "Жаттығу лагері де керемет, спаррингтік кездесулер де ойдағыдай өтуде. Спаринг-серіктестерім де әр екі раунд сайын ауысып тұрады. Бұл рингте әртүрлі стильмен бокстасуға мүмкіндік беретін әдіс. Мэклин мықты боксшы. Кездесу де оның күші мен жылдамдығына орай жеңіл болмайтын сияқты. Мен оның Серхио Мартинеспен болған кездесуін көрдім. Ол кездесу аргентиналық үшін өте ауыр болды. Сондықтан маған да оңай болмасы анық. Бірақ бұл кездесу - Штаттағы көрермендер үшін менің өз күшімді толықтай дәлелдейтін соңғы мүмкіндік. Мен үшін бұл кездесудің маңызы зор". 

Одан бөлек Гена болашақтағы жоспарымен де бөлісіпті: "Менің басты жекпе-жегім Мартинеспен болмақ. Ол қазір жарақатынан емделу үстінде. Бірақ келесі жылы біз рингте кездесуіміз мүмкін. Қазіргі кездегі өз мансабыма көңілім әбден толады. Ал 2014 жыл - менің жылым болады. Мартинеспен кездесуге дайындалатын менің біршама уақытым да бар". 

Естеріңізге салсақ, Головкин мен Маклин арасындағы кездесу 29-маусым күні Машантукеттегі (Коннектикут штаты, АҚШ) Foxwoods Resort Casino аренада өтіп, Boxing After Dark сериясы аясында HBO бокс телеарнасында көрсетілетін кештің басты оқиғасы болмақ. 


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: sport.nur.kz

Қосылған күні: 18 маусым 2013, 20:30

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.