Қазақстандық жеңіл атлеттер әлем чемпионатына төрт лицензия ұтып алды

Қазақстандық жеңіл атлеттер әлем чемпионатына төрт лицензия ұтып алды

Алматыда аяқталған "Гусман Қосанова Мемориалы" турнирі аясында қазақстандық жеңіл атлеттер тамыз айында Мәскеуде өтетін әлем біріншілігіне төрт лицензия жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Биіктікке секіруден Марина Аитовадан бөлек әлем чемпионатына Константин Сафронов (ұзындыққа секіру), Никита Филиппов (сырықпен секіру) және Маргарита Мукашевалар (800 метрге жүгіру) баратын болды. 

Марина Аитова турнирдің алғашқы күнінде 195 сантиметр көрсеткішімен жеңіске жетіп қана қоймай, әлем чемпионатының А тобына жолдама алып қойды.  

Константин Сафронов болса өзінің сәтті мүмкіндігінде 8 метр 10 сантиметрді бағындырып, Мәскеуге екінші жолдама алды. Алайда оның жұбайы, Лондон Олимпиадасының қатысушысы Ольга Блудова 100 метр қашықтықта лицензия ала алмады. 

Сырықпен секіруші Никита Филиппов болса өзінің мүмкіндігін толықтай көрсете білді. Соның арқасында ол әлем чемпионатына баратын болды. Айта кетейік, Филиппов биылғы жылы Токиода өткен халықаралық жарыста төртінші орыннан көрінді.   

Дәстүрлі түрде өткізілетін жеңіл атлетикадан "Гусман Қосанов Мемориалы" турнирі Алматыда осымен 23-рет ұйымдастырылды. Турнирге Ресей, Өзбекстан, Иран, Түркменстан және Қырғызстаннан 300-ге жуық атлеттер қатысты. 

Гусман Қосанов - Олимпиада ойындарында жүлдегер атанған тұңғыш қазақстандық атлет. Ол 1960 жылы Римде өткен Олимпиадада Кеңес Одағы құрамында 4×100 метр эстафетада күміс медаль иеленді.  

Естеріңізге салсақ, жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты биыл 10-18 тамыз аралығында Ресей астанасы Мәскеуде өтеді. Барлық жарыс түрлері "Лужники" стадионында өтетін болады. Айта кетейік, Мәскеуде "спорт падишасынан" әлем чемпионаты тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Оған дейін 2006 жылы Мәскеуде тек жабық кешендегі әлем біріншілігі өткен болатын.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vesti.kz

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық мектептер екінші тоқсанда қалай оқытады?
Қазақстандық мектептер екінші тоқсанда қалай оқытады?
NASA ғарышқа жіберген картада не бейнеленген?
NASA ғарышқа жіберген картада не бейнеленген?
Қазақ ғалымы қатерлі ісікті жазатын дәрі ойлап тапты
Қазақ ғалымы қатерлі ісікті жазатын дәрі ойлап тапты
Мемлекеттер ғаламшарға айналса қандай болар еді?
Мемлекеттер ғаламшарға айналса қандай болар еді?
Зейнетақы тарихы және ең көп зейнетақы төлейтін елдер
Зейнетақы тарихы және ең көп зейнетақы төлейтін елдер
"Алтын қалам" Моңғолиядан келген Макинара Хайримге бұйырды
"Алтын қалам" Моңғолиядан келген Макинара Хайримге бұйырды