Қазақстандық балуан еркін күрестен Азия чемпионы атанды

Қазақстандық балуан еркін күрестен Азия чемпионы атанды

Қазақстандық еркін күрес шебері Пхукетте (Таиланд) өткен жастар арасындағы Азия біріншілігінде алтыннан алқа тағынып, жеңіс тұғырына көтерілді. Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі Федерациясының сайтында жарияланғандай, 66 келіде өнер көрсеткен Болат Сақаев жеңіс жолында Вьетнам, Қытай және Иран елдерінің балуандарын жеңсе, финалдық белдесуде 8:0 есебімен Үндістан спортшысынан басым түскен. 

Жалпы есепте Қазақстанның жастар құрамасы еркін күрес бойынша бір алтын, екі күміс (Азамат Дәулетбеков 84 келіде және Ермұхамбет Іңкәр 96 келіде) және бір қола медальмен (Сәкен Айтжанов 74 келіде) үшінші орынды еншіледі. 

Оған дейін Қазақстанның грек-рим күрес шеберлері де чемпионатта жалпы командалық есепте үшінші орынға ие болған еді. Алтын медальды Әбунасыр Өмірзақ әкелсе, қоланы Данияр Қаленов пен Жәнібек Қандыбаев еншілеген. 


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: sport.headline.kz

Б. Қосмағамбет