Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Усейн Болт Мәскеуге келу үшін ел біріншілігінде топ жаруы тиіс

Усейн Болт Мәскеуге келу үшін ел біріншілігінде топ жаруы тиіс

Усейн Болт Мәскеуге келу үшін ел біріншілігінде топ жаруы тиіс

Алты дүркін Олимпиада және бес дүркін әлем чемпионы, жеті рет әлем рекордын жаңартушы ямайкалық спринтер Усейн Болт жеңіл атлетикадан биылғы жылы Мәскеуде өтетін әлем чемпионатына жолдама алу үшін алдымен ел біріншілігінде топ жаруы керек. 

Бұл жөнінде Ямайканың жеңіл атлетика федерациясы әлем біріншілігіне 100 метрден Йохан Блейкке wild card (тікелей жолдама) бергеннен кейін белгілі болып отыр. Ал Болтқа wild card Мәскеуде өтетін әлем біріншілігінің 200 метр қашықтығында берілді. 

Ямайка мұндай қадамға Жеңіл атлетика федерацияларының халықаралық ассоциациясы (IAAF) қабылдаған ережелерден кейін барып отыр. Оған сәйкес, әр елден бір қашықтыққа бір атлет қана автоматты түрде қатысуға мүмкіндік алады. Ал Ямайка федерациясы соңғы рет 2011 жылы Тэгуде (Оң.Корея) өткен әлем біріншілінің 100 метр қашықтығында топ жарған Блейкті таңдапты. Ол кезде Болт фальстарт алып жарыстан шығып қалған болатын. Ал әлем біріншілігінің 200 метрінде топ жарған Болт бұл қашықтыққа тікелей жолдама алып отыр. 

Сонымен, Мәскеуге баратын ямайкалық атлеттерді анықтайтын ел біріншілігі 20-маусым күні басталады. 

Естеріңізге салсақ, маусым айының басында Усейн Болт Римде өткен Гауһар тас лигасының кезеңінде 100 метр қашықтықта бақ сынаған еді. Алайда оның жолы болмай, Афины Олимпиадасының жеңімпазы, американдық Джастин Гатлинге жол беріп қойды. Гатлиннің көрсеткіші 9,95 болса, Болт одан 0,01 секундқа кешігіп келді.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: asfera.info

151 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 13 маусым 2013, 14:40
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...