Ярослава Шведова 21 сатыға құлдырады

Болат Қосмағамбет Корреспондент
Ярослава Шведова 21 сатыға құлдырады

Қазақстандық Ярослава Шведова Әйелдер теннисі ассоциациясының (WTA) жаңарған рейтингісінде 21 сатыға құлдырап кетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Шведова Франция Ашық чемпионатында (Ролланд Гаррос) екінші айналымға дейін жеткен болатын. Осы сүреңсіз ойынынан соң ол енді 52-орынға тұрақтады. 

БӨЛІСУ

Қазақстан атынан шығып жүрген тағы да бір теннисші қыз Юлия Путинцева болса, жеті сатыға жоғарылап, 91-орынды місе тұтты. Галина Воскобоева да өзінің жағдайын біраз жақсартып алды. Ол 123-тен 94-орынға тұрақтады. Айта кетейік, соңғы екі теннисші де "Ролланд Гаррос" турнирінің екінші айналымынан аса алмады.

Ал Ксения Первак болса екі орынға төмен сырғып, 114-орынды иеленді. Сесиль Каратанчеваның да жағдайы мәз емес. Ол бірден 10 сатыға төмендеп, 129-орынды қанағат тұтты. 

WTA рейтингісінің көшбасында да біршама өзгерістер орын алды. "Ролланд Гарростың" финалында әлемнің бірінші ракеткасы американдық Серена Уильямске жеңілген ресейлік Мария Шарапова енді беларусь қызы Виктория Азаренкоға екінші орнын босатып берді.   

Неміс қызы Ангелика Кербер Петра Квитованы 7-орыннан ығыстырды. Ал дат Каролина Возняки 9-орынды иеленді. Ресейлік Мария Кириленко тұңғыш рет ТОП-10 кірді. Ол өз мансабы жолында алғаш рет ширек финалға шыққан болатын. Әрі қарай оны Азаренко жібермеді. 

WTA рейтингісі. 10 маусым:
1 (1). Серена Уильямс (АҚШ) - 13615 ұпай,
2 (3). Виктория Азаренко (Белоруссия) - 9625,
3 (2). Мария Шарапова (Ресей) - 9415,
4 (4). Агнешка Радваньская (Польша) - 6465,
5 (5). Сара Эррани (Италия) - 5335,
6 (6). Ли На (Қытай) - 5155,
7 (8). Ангелика Кербер (Германия) - 4915,
8 (7). Петра Квитова (Чехия) - 4435,
9 (10). Каролина Возняцки (Дания) - 3565,
10 (12). Мария Кириленко (Ресей) - 3436,
...52 (31). Ярослава Шведова (Қазақстан) - 1112,
91 (98). Юлия Путинцева (Қазақстан) - 744,
94 (123). Галина Воскобоева (Қазақстан) - 708,
114 (112). Ксения Первак (Қазақстан) - 590,
129 (119). Сесиль Каратанчева (Қазақстан) - 513,
195 (195). Зарина Дияс (Қазақстан) - 308,
367 (381). Анна Данилина (Қазақстан) - 110.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vesti.kz