Александр Винокуров ғылым докторы атанды

Александр Винокуров ғылым докторы атанды

Лондонда өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Александр Винокуров «Құқық саласындағы құрметті доктор» атанды. Велошабандозға ғылыми дәрежені Астанада өткен салтанатты шарада әлемге белгілі Еуропа университетінің президенті Дирк Крайен табыстады.

Бұл кәсіпқой қазақстандық спортшыға бұйырған ең жоғарғы мерейлі мәртебе болып саналады. Дәл осы шарадан кейін Александр Тараз қаласына аттанып кетті. Өйткені, осы өлкеде еліміздегі мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында Қазақстанның төртінші спартакиадасының алауы тұтанды.

Александр – мұндай «Құрметті доктор» атағын алған Еуропалық университет тарихындағы екінші велошабандоз. Бұл дәреже осы уақытқа дейін аты аңызға айналған спортшы Эдди Меркске бұйырған болатын.

«Менің кеудемді қуаныш сезімі кернеп тұр. Еуропа университетінің «Құрметті докторы» атағын алу бақыты бұйырған мен үшін бұл зор мәртебе, мақтаныш. Бұл тек менің жетістігім ғана емес, жалпы Отан алдындағы құрметім деп білемін. Бұдан былай, осы атақты ақтауға, биік белестерден көрінуге күш саламын», - деді Олимпиада чемпионы Александр Винокуров.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: vesti.kz

Ю. НИКУЛЛИН