WTA. В.Азаренко 20 млн. долларлық межені бағындырды

Болат Қосмағамбет Корреспондент
WTA. В.Азаренко 20 млн. долларлық межені бағындырды

Беларусь қызы Виктория Азаренко өз мансабы жолында жалпы жүлде қоры 20 миллион доллар болатын межені бағындырған ең жас теннисші атанды.  

БӨЛІСУ

Римде өткен жарыста американдық Серена Уильямске жол бергеніне қарамастан, ол өткен апта қорытындысы бойынша 20 миллион долларды еншілеген тарихтағы тұңғыш жас спортшы болып танылды.

Бұл нәтиже оған осындай жүлдеге жеткен үздік он спортшының қатарында болуға себепші болды. Одан бөлек, 23 жасар беларусь қызы осы межеге жеткен турдың ең жас қатысушысы да болып отыр. 

Сонымен, әлемдік әйелдер теннисінде қазір кімде қанша ақша барына назар аударайық (Айта кетейік, бұл жерде спортшылардың жарнамадан және басқа да қаржы көздерінен тапқан ақшалары есептелген жоқ): 

1. Серена Уильямс (26*) – 44 549 390

2. Винус Уильямс (28) – 28 674 658

3. Мария Шарапова (25) – 25 689 934

4. Ким Клийстерс (27) – 24 442 340

5. Линдсей Дэвенпорт (29) – 22 166 338

6. Штеффи Граф (26) – 21 895 277

7. Мартина Навратилова (38) – 21 626 089

8. Жюстин Энен (27) – 20 863 335

9. Мартина Хингис (26) – 20 130 657

10. Виктория Азаренко (23) – 20 104 361

* – теннисші қыздардың 20 миллиондық межені қай жаста бағындырғаны жөнінде белгі.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: rsport.ru